Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

Жаңалықтар

Поиск по сайту

f0667fcf-5409-4fb4-9600-4b446fb35be4Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Атап өтерім, осы Жолдау халықтың көкейіндегі өзекті мәселелерді айқындап, нақты бағдарымызды белгілеп берді. Елінің ертеңіне алаңдаған Мемлекет басшысы: «Отаншылдық рухы жоғары ел – көздеген мақсатына қалай да жетеді. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстан құру. Бұл нені білдіреді? Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен елдің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық – мықты мемлекет құра алмайды. Бұл тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біздің келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз» - деп атап өтті. Сонымен қатар, елді мекендерде халыққа қолайлы жағдай жасау үшін өзгерістер ұсынылды. Алматы облысын екі аумақтық облысқа бөлу арқылы халық пен билік арасындағы байланысты жақсарту көзделгені мәлім, Семей қаласын орталықтандырып, Абай облысын құру, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру арқылы елдің рухын көтеретін мықты шешім қабылданды деп ойлаймын. Сонымен қатар, әкімдерді сайлау, сенат пен мәжіліс бағытындағы ұсынылған өзгерістер Жаңа Қазақстанның болашағын айқындайтын қадамдардың бірі деп ойлаймын.
Құрметпен, Айгүл Тәжиева

5554ee56-1c03-4fc3-a1a0-ae5d70bb644eКөктемнің шуағымен келген құрметті арулар мерекесі қарсаңында №17 Қалалық емхананың азаматтары жұмыс күнін құттықтаудан бастады. Емхана есігін ашқан әр аруға гүл шоғын сыйлап, ерекше лебіз білдірді. Мереке құрметіне өткізілген салтанатты шарада ең еңбекқор, ең әдемі аруларымыз сый-сыяпатқа бөленді:
емхананың «Үздік маманы» марапатымен:
- Әлия Орынтайқызы Мекебекова;
- Дария Сүндетбайқызы Үсенбекова;
– Жансая Кенжімханқызы Құдабаева;
– Ақерке Жұмағалиқызы Болатханова;
Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахимбетовтың атынан Алғыс хатымен:
– Камилла Құмарқызы Керімбекова;
Еліміздің жетекші партиясы атынан Алғыс хатпен нағыз белсенді арулар:
– Гүлмира Аманқұлқызы Урисбаева;
– Айнұр Алмасбекқызы Естаева;
– Әйгерім Рахымжанқызы Мұсабаева;
– Арайлым Ибрагимқызы Төлеген;
–Гаухар Қазыбекқызы Еспаева;
– Әлия Шакенқызы Тлеумбетова;
- Аида Салимтайқызы Искакова; марапатталды.
Ардақты аруларымызды көктемнің алғашқы ең керемет мерекесімен құттықтаймыз: Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Құрметпен, №17 Қалалық емхана ұжымы.

266368912 1795097277488114 8477378153731707972 nЕлдігіміздің белгісі - Еркіндік.
Ғасырларға куә - Тарих, Ерлік, Елдік.
Рухы биік Ұрпақ!
Ордалы Отан!
Тәуелсіз ел Қазақстан!
Еліміздік Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне көптеген салтанатты шаралар өткізіліп, құрметке лайықты тұлғалар марапатталып жатыр. Осы еліміз үшін елеулі мереке қарсаңында біздің үздік мамандар да құрметке бөленді.
Бүгін «Халық алғысы» медалімен хирург-дәрігері Мадихасим Қуатбекұды Шалабаев, Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Цифровизация және статистика бөлімінің басшысы Қаламқас Серікбосынқызы Қалиева және Алматы қаласы әкімі Бахытжан Сағынтаевтың «Алғыс хатымен» Әйелдер кеңесі бөлімшесінің меңгерушісі Ләззат Төлепбергенқызы Қыстаубаева марапатталады. Әріптестеріміздің еңбегіне табыс, отбасына бақыт пен береке, дендеріне саулық тілейміз, жеңісті әрі жемісті күндеріңіз мол болсын!
Құрметпен, №17 Қалалық емхана ұжымы

#17 Қалалық емхананың ұжымы халқымыздың басына түскен сын сағатта елін қорғау үшін ерлік танытып қаза болған азаматтарымыздың жақындары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл оқиға бәрімізге өте ауыр болғаны мәлім. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың салиқалы саясатының арқасында бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз сақталып қалды. Өкінішке орай сүйікті қаламыз Алматы отқа оранып, орасан зиян келтірілді. Дегенмен біріге отырып, қала әкімдігінің жетекшілігімен барлығы қалпына келтірілетініне сенеміз. Біз әрқашан біргеміз. Күшіміз Бірлікте! Наша сила в Единстве!

№17 Қалалық емхананың ұжымы, Сіздерді мемлекеттік мерекеміз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Тәуелсіздік еліміздің әр азаматына теңдік пен еркіндік, әлеуметтік қолдау сыйлады, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз! #17 Қалалық емхананың ұжымы әзірлеген арнайы мерекелік түсірілімін қабыл алыңыздар!

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms