№17 Қалалық емхананың «Екі жұлдыз» байқауының Гран-при жеңімпаздары, емхананың статистика бөлімшесінен қатысқан «Томпи» дуэті – Қаламқас пен Айнұр қазақ әндерін шырқап, мықты маман ғана емес, нағыз өнер сүйер және дарындылық шыңын танытты. Әріпестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.
Таланттар мен дарындар жарысы бүгін №17 Қалалық емханада өтті. Халықаралық медициналық қызметкерлері күні қарсаңында емханамыздың өнерлі қызметкерлері «Екі жұлдыз» байқауына қатысып, дарындылық қырын паш етті. Байқауға қатысып, Жанды дауыста ән салған Жұлдыздардың арасынан әділқазылар алқасы сыннан сүрінбей өткен үздіктердің үздігін анықтады, атап өтер болсақ, әділқазылар алқасының төрағасы, Казақстан Республикасының танымал композиторы Мақсат Жәутіков, «Tengrinews.kz» ақпараттық агенттігінің жаңалықтар авторы, журналист Айнаш Өндіріс, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кафедра доценті Зуфар Арзиев, Продюссер «Atameken Business» телеканалының продюссері Роза Утелова, халықаралық конкурстар мен «Жас қанат» республикалық конкурсының лауреаты Дауренбек Мерғалиев әділ бағасын берді.
№17 Қалалық емхананың «Екі жұлдыз» байқауының «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясының жеңімпаздары, емхананың педиатрия бөлімшесінен қатысқан жарасымды дуэт – Арай мен Сәния аз уақыт дайындалса да, өнері мен жігерлігінің арқасында жеңіске қол жеткізді. Әріпестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.
№17 Қалалық емхананың «Екі жұлдыз» байқауының ІІІ орын жеңімпаздары, емхананың профилактикалық бөлімшесінен қатысқан жалынды дуэт – Ильнат пен Данияр өнерлі жастар өркенділігін танытып, жүрекжарды әндерімен жеңіске қол жеткізді. Әріпестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.
№17 Қалалық емхананың «Екі жұлдыз» байқауының «Жарқыраған жұлдыздар» номинациясының жеңімпаздары, емхананың 1-Жалпытәжірибелік дәрігерлер бөлімшесінен қатысқан керемет дуэт – Алимардан мен Жанар өз өнерлерін паш етіп, бірнеше тілде ән айтып, жарасымды жұлдызды жұп ретінде танылды. Әріпестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.