Мейірімділік шапағатын сыйлайық» акциясы аясында «жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» №17 Қалалық емхананың профилактика бөлімінің қызметкерлері мен «Шұғыла» қоғамдық қоры бірлесе отырып,көпбалалы жағдайы төмен отбасына көмек көрсетті.Еліміздің болашағы балаларға мейірімділік пен махаббатқа бөленуіне үлесімізді қосайық.Осыған орай қолдау көрсеткен «Шұғыла» қоғамдық қорына шексіз алғысымызды білдіреміз!
Бүгін, 16 ақпан 2023 жыл «Родник» Қоғамдық қоры қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық ауданы, «Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық Басқарамасы №17 Қалалық емхана КМК аумағында «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» аймақтық жобасының бөлігі болып табылатын «Қауіпсіз және жауапты көші-қон үшін бірге» USAID жобасы аясында БІРЛЕСКЕН түсіндірме ЖҰМЫСТАРын өткізді.
08.02.2023 жылы №190 орта мектебінде, 6-7 сынып оқушы қыздарымен жыныстық тәрбие және жеке бас гигиенасы тақырыбында кездесу өтті. Дәрісті №17 қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері Төребаева Н.А. жүргізді.
14.02.2023 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы, Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты», 6-7 сынып оқушы қыздарымен жыныстық тәрбие және жеке бас гигиенасы тақырыбында кездесу өтті. Дәрісті №17 қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері Төребаева Н.А. жүргізді.
01.02.2023ж. «Ардагерлерді ардақтау – аға ұрпаққа қамқорлық» партиялық жобасы аясында №17 Қалалық емханада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, желтоқсаншыларға және Ауған соғысына қатысушыларға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Ашық есік күнінде келушілер келесі мамандардың қабылдауында болды: кардиолог, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, уролог, хирург, психолог, ЛОР және терапевт. Сонымен қатар жедел әдіспен қандағы қант пен холестеринді, қан қысымын, ЭКГ сияқты жоспарлы тексерулер жүргізілді. Барлығы 77 адам тексерілді.