|
|
№17 қалалық емханада оқыту семинары өткізілді
№17 қалалық емханада мейіргерлер арасында «Анафилаксиялық шок кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекет алгоритмі» тақырыбында оқыту дәрісі өткізілді. Дәріс барысында анафилаксиялық шоктың негізгі белгілері, шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібі және төтенше жағдай кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді. Оқыту барысында шұғыл жағдайды дер кезінде анықтау, алғашқы медициналық көмекті жедел әрі дұрыс көрсету және медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекет етуі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай оқыту жұмыстары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, шұғыл жағдайларға дайындық деңгейін нығайтуға бағытталған. |
|
|
Сыбайлас жемқорлықты алдын алуға іс шараларСыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында №17 қалалық емхананың комплаенс-қызметінің қызметкері Р.М. Нұрбаев қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
|
|
|
Зейнеткерлер мен ардагерлерді құттықтайық!Алматы қаласының №17 Қалалық емханасында зейнет жасындағы болып табылатын, бүгінде де біздің емханада қызмет етіп жүрген қызметкерлерімізді жылы лебізбен құттықтау рәсімі өтті. Сіздерге көп жылғы еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз, даналықтарыңыз және өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің мол тәжірибелеріңіз бен білімдеріңіз – баға жетпес қазына. Ал жұмысқа деген жауапкершіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып табылады!
|
