|
|
№17 қалалық емханада оқыту семинары өткізілді
№17 қалалық емханада мейіргерлер арасында «Анафилаксиялық шок кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекет алгоритмі» тақырыбында оқыту дәрісі өткізілді. Дәріс барысында анафилаксиялық шоктың негізгі белгілері, шұғыл медициналық көмек көрсету тәртібі және төтенше жағдай кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді. Оқыту барысында шұғыл жағдайды дер кезінде анықтау, алғашқы медициналық көмекті жедел әрі дұрыс көрсету және медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекет етуі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай оқыту жұмыстары медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, шұғыл жағдайларға дайындық деңгейін нығайтуға бағытталған. |

