Алтынбекова Зарина Алтынбекқызы – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№17 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, медицина магистрі, денсаулық сақтау менеджері, жоғары біліктілік санатты жалпы практика дәрігері.
Білімі
1997–2003 жж. – С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.
Мамандығы – «Педиатрия».
2003–2004 жж. – «Педиатрия» мамандығы бойынша интернатура.
2005–2007 жж. – Қазақстанның Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебі.
Медицина магистрі академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолы
1995–1997 жж. – Орталық аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінің операциялық мейіргері.
2005–2007 жж. – Жоғары қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің оқу жұмысы және маркетинг бөлімінің әдіскері.
2008–2015 жж. – №8 қалалық балалар емханасының учаскелік педиатр дәрігері.
2015–2017 жж. – №34 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлері бөлімшесінің меңгерушісі.
2017–2019 жж. – №4 қалалық емхананың жалпы практика дәрігерлері бөлімшесінің меңгерушісі.
2019 жылғы мамыр – 2026 жылғы мамыр – №4 қалалық емхананың емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары.
2026 жылғы мамыр айынан бастап – Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№17 қалалық емхана» КМК директоры.
Кәсіби қызметі
Жалпы еңбек өтілі – 22 жыл.
Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби еңбек өтілі 18 жылдан астам, оның ішінде 11 жылға жуық басшылық қызметтерде еңбек еткен.
Кәсіби қызметі барысында медициналық ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелерді басқару, емдеу-диагностикалық үдерісті ұйымдастыру, медициналық көмектің сапасын қамтамасыз ету, медициналық ұйымдарды аккредиттеуге дайындау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік бағдарламалары мен пилоттық жобаларын іске асыру бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған.
Оның басшылығымен алғашқы медициналық-санитариялық көмектің заманауи үлгілері, созылмалы ауруларды басқару бағдарламалары, жалпы практика дәрігерлері қызметін дамыту және медициналық ұйымдарды цифрландыру жобалары табысты енгізілді.
COVID-19 пандемиясы кезеңінде емдеу қызметін ұйымдастыруды, мобильді бригадалардың жұмысын және халыққа көшпелі вакцинация жүргізуді үйлестірді. Сонымен қатар, отандық QazCovid-in вакцинасының III фазадағы клиникалық зерттеуіне қатысқан.
Марапаттары
- 2023 жыл – «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
- 2019 жыл – «Үздік менеджер» қалалық байқауының жеңімпазы.
- Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша өткізілген «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпазы.
- Алматы қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
