№17 Қалалық емхананың «Екі жұлдыз» байқауының «Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпаздары, емхананың арнайы мамандандырылған бөлімшесінен қатысқан нағыз көрермен мен әділқазылар қошеметіне бөленген дуэт – Азизбек пен Альфия орындаған әндері мен өнерлері деңгейінің жоғарылығы және шеберлігі зор құрметке иеленді. Әріпестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.
№17 Қалалық емхананың «Екі жұлдыз» байқауының ІІ орын жеңімпаздары, емхананың 2-Жалпытәжірибелік дәрігерлер бөлімшесінен қатысқан тамаша дуэт – Ермек пен Назерке жұлдызды жұп ретінде танылып, дарындылықтың даралығын танытты. Әріпестерімізді жеңісімен құттықтаймыз.
№17 Қалалық емхана ұжымы алда келе жатқан 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнімен баршаңызды құттықтайды. Елімізде 2022 жыл - Балалар жылы болып жариялануына байланысты көптеген игі шаралар жоспарланған, әсіресе балалар денсаулығын жақсартуға нақты жоспарлар қолға алынды. #17 Қалалық емхана қызметкерлері осы Балалар жылы аясында "Мейірімділік шапағатын сыйлайық!" атты акциясын өткізуді бастады. Акция барысында емхана мамандарының қамқорлығы мен бақылауына алынған ерекше сәбилерге сыйлықтар мен пайдалы тағамдары бар жинақтар сыйға тартылады. Мерекеге дейін әр күн сайын кішкентай пациенттеріміздің үйіне барып, сыйлық сыйлап, көңіл күйін көтеріп, өз мейірімділігімізді танытамыз. Емханаға тіркелген әрбір он алты ерекше сәби назардан тыс қалмайды.
"Мейірімділік - жүректен" - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Біздің осындай әрқашан мейірімділік танытып, азаматтық парызын алға қоятын әріптесімізді мақтан тұтамыз.
Дүниежүзілік отбасы дәрігерлері күні. Дәрігер көмегіне жүгінбейтін отбасы болмайды, әр үйдің сүйікті дәрігері, сыйлайтын ақ халатты абзал жаны болады.