Көктемнің шуағымен келген құрметті арулар мерекесі қарсаңында №17 Қалалық емхананың азаматтары жұмыс күнін құттықтаудан бастады. Емхана есігін ашқан әр аруға гүл шоғын сыйлап, ерекше лебіз білдірді. Мереке құрметіне өткізілген салтанатты шарада ең еңбекқор, ең әдемі аруларымыз сый-сыяпатқа бөленді:
емхананың «Үздік маманы» марапатымен:
- Әлия Орынтайқызы Мекебекова;
- Дария Сүндетбайқызы Үсенбекова;
– Жансая Кенжімханқызы Құдабаева;
– Ақерке Жұмағалиқызы Болатханова;
Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахимбетовтың атынан Алғыс хатымен:
– Камилла Құмарқызы Керімбекова;
Еліміздің жетекші партиясы атынан Алғыс хатпен нағыз белсенді арулар:
– Гүлмира Аманқұлқызы Урисбаева;
– Айнұр Алмасбекқызы Естаева;
– Әйгерім Рахымжанқызы Мұсабаева;
– Арайлым Ибрагимқызы Төлеген;
–Гаухар Қазыбекқызы Еспаева;
– Әлия Шакенқызы Тлеумбетова;
- Аида Салимтайқызы Искакова; марапатталды.
Ардақты аруларымызды көктемнің алғашқы ең керемет мерекесімен құттықтаймыз: Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз.
Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Құрметпен, №17 Қалалық емхана ұжымы.
