Сіздерді #17 қалалық емхана ұжымы Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтайды! Аспан түсті Туы, асқақ әнұраны, айбынды Елтаңбасы бар Егеменді Қазақстан Республикасы жасай берсін!
Мәңгі ел болу мақсатында ұмтылған жолымыз ұлы болсын! Тәуелсіздігіміз таусылмасын! Әрбір шаңыраққа шаттық, ырыс,ынтымақ тілейміз!
Жүктілік - әрбір әйелдің өміріндегі аса маңызды әрі жауапты кезең. Бұл кезде барлық тиісті медициналық тексеру мен бақылаудың бірін жібермей өткен абзал.
Жүкті әйелдер медициналық ұйымға бірінші рет қаралғаннан бастап босанғанға дейін қандай процедуралардан өтуі қажеттігін біздің инфографикалық материалдардан біле аласыз
Естеріңізге сала кетсек, жүкті әйелдер азаматтардың жеңілдікке ие санатына жатады, сондықтан олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Негізі: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен стационарлық көмекті қамтуға арналған ерікті медициналық сақтандыру шарты («Көші-қон туралы» ҚР Заңының 35-бабы)
Қандай көмек алуға болады
1. Емханаға тіркелу тұрғылықты мекен-жай бойынша
2. Медициналық қызметтерді толық көлемде алу, соның ішінде - жедел жәрдем, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, амбулаториялық, стационарлық, стационарлық жағдайларда медициналық көмек, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету
Балаларға медициналық көмек ата-аналарының тұруға рұқсаты негізінде жүзеге асырылады
ЕАЭО елдерінің уақытша тұратын азаматтары
Негізі: Алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен стационарда медициналық көмек көрсетуге арналған ерікті медициналық сақтандыру шарты (Қазақстан Республикасының «Көші-қон туралы» Заңының 35-бабы)
Қандай көмек алуға болады
1.Тұрғылықты мекен-жай бойынша емханаға тіркелу
2.МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер
—дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету
—аурухана,амбулаториялық,стационарлық жағдайларда медициналық көмек
Өзгелерге қауіп төндіретін ауруларға медициналық көмек Қазақстан Республикасының азаматтығы және сақтандыру мәртебесінің болу-болмауына қарамастан көрсетіледі
Iлес Нұрқұйса Тресұлы #17 Қалалық емхананың травматолог - дәрігері. 2020 жылы Халықаралық Қазақ Түрік университетін тәмамдап,, #17 Қалалық емханаға орналасқан. Бала кезінен хирург не травматолог болуды армандаған Нұрқұйса аңсаған арманына қол жеткізіп, университеттің 5 курсында травматолог мамандығын таңдайды. "Болашақтағы арманым танымал маман атанып, еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосу, " Алтын Скальпель" иегері атану. Себебі, алдына мақсат қойған адам жетістікке жетеді. Осындай үлкен мақсаттарға қол жеткізу, ұстаздарымның еңбегін ақтау - мен үшін үлкен парыз, әсіресе атап өтер болсам, Мәди Бигалиев, Мадиқасим Шалабаев сияқты ұстаздарым болғанына қуанамын" - дейді еліміздің болашағына зор үміт артқан Нұрқұйса Тресұлы. Осындай жеңіске ұмтылған әріптестерімізді Дүниежүзілік травматолог күнімен құттықтаймыз
Өзіңнің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!
Тұрғындарымыздан COVID-19ға қарсы вакцинация туралы кері байланыс.
Біз Сіздерді #17 қалалық емханада, Галерея мен Атакент MALL сауда орталықтарында ұйымдастырылған вакцина салу медициналық пунктінде күтеміз. Біздің денсаулығымыз - біздің қолымызда, бірге COVID-19 жеңеміз!
Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms