
Алматыдағы емханалардың бірінде ахуалдық орталық ашылды. Дәрігерлер бұл онлайн режимде медициналық мекемедегі жұмысты бақылауға мүмкіндік береді деп отыр. Яғни, емханадағы кезектен бастап, науқастардың дерті жайлы деректерді бір кабинетте отырып-ақ алуға болады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мониторинг нәтижесінде, дәрігерлердің жұмысына да баға берілмек. Осы тектес орталық қазір Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында жұмыс істеп тұр. Алматыдағы жаңадан ашылған ахуалдық орталықта әзірге 4 маман еңбек етеді.
«Цифрландыру бағдарламасы аясында былтыр біздің емхана толықтай жаңа бағдарламаға көшкен болатын. Енді дәрігерлер мен мейірбикелердің жұмысын алдын-ала бақылау және бағалау үшін осындай орталық ашу керек болды», - дейді Алматы қаласы №17 қалалық емхананың Цифрландыру және статистикалық есеп беру бөлімінің басшысы Қаламқас ҚАЛИЕВА.

Бүгін – 14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күні қыстан аман-есен шыққан қазақ халқы бірін-бірі Наурыз, Жаңа жыл келуімен құттықтаған, кішілер үлкендерге сәлем беріп, үлкендер батасын берген. Сол дәстүрді жаңғыртып, өмірімізге енгізіп, жаңа жылдық негізгі құттықтауды осы күні айтқан жөн.
Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені белгілі. Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру деген мақсатпен бүгін, №190 отра мектеп оқушыларымен №17 қалалық емхананың СӨС дәрігері, гинеколог маманы, психолог және әлеуметтік қызметкер мамандары бірлесіп «Шылым шегу, алкоголь, электронды сигарет және насыбайдың зияндары, алдын алу» «Ерте кезеңдегі жүктілік және одан қорғану» тақырыптарында сабақ жүргізді. Сабақ соңында психолог маман оқушылармен психологиялық сұрақ – жауап жүргізді. Оқушылар ақпаратты мұқият тыңдап, содан кейін өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
№17 Қалалық емхананың Цифровизация жөніндегі бөлімшесінің меңгерушісі Қаламқас Серікбосынқызы Калиева күнделікті жұмыста белсенді түрде COVID-19 күресуде алдыңғы қатарда еңбек етіп жүр. Осы сынақ сағатында дәрігерлерге қолдау қажет, індетпен күресуде анасының еңбегін Қаламқас Калиеваның қызы Зейнеп пластилинмен бейнелеп, анасының еңбегін көрсетіпті. Сәби көңілі жеңіске сенеді, біз қолдаймыз. Біз біргеміз!