
Ізгіліктің нұрын сепкендер!». Бұл сөз қашаннан дәрігерлер мен мейірбикелер қауымына айтылып келеді. Мейірбике ісі – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі.
Олар сырқатына ем, дертіне дауа іздеген талайжандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері.
Мейірбикелердің науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай зор. Ал осындай мәртебелі мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.Соның бірі дәлелі емханамызда мейірбикелер күні мерекесіне орай ұйымдастырған салтанатты шара аталып өтті. Айта кету керек, кәсіби мереке қарсаңында Бахрямқызы Махинур Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Табынбаевтың “Алғыс хатымен”, және емханамыздың бірқатар мейірбикелері емханамызға сіңірген еңбегі үшін “Алғыс хат” грамоталарымен марапатталды.
