

Коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден бір жолы - екпе алу. #17 қалалық емхана қызметкерлері тұрақты түрде Алматының үлкен кәсіпорындарына ағарту жұмыстарын жүргізуде! Осы ретте, емханамыздың бас дәрігерінің орынбасары Ким Виктор Эдуардович ТОО АЛМАТЫ ТАЗАЛЫҚ қызметкерлеріне осы COVID-19-ға қарсы тегін екпе егу туралы және жүріп жатқан қауесеттерге сенбеу, осы вакцинацияның профилактикалық маңызы туралы айтып өтті.
№17 қалалық емхана ұжымы Бостандық аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржанов Хамит Біржанұлын
Бүгін, Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай және «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерін №17 қалалық емхана «Ұлан» БПҰ қызметкерлері айтулы мерекeмен құттықтап, ардагерлерімізге азық-түлік жәшігін табыстады. Әлемде орын алып жатқан індетке байланысты біз быилғы жылы мерейлі күнді кең көлемде тойлай алмасақ та, бұл күннің қадір-қасиетін дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау басты парызымыз деп білуіміз қажет. Қан майданда жанын аямай, соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымыздың, сұрапыл жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарған аталарымыз бен аналарымыздың ерліктері мен қадір-қасиеттері әрбіріміз үшін үлгі-өнеге.