Құрметті достар! Жақсылықтың жаршысы, тылсым табиғаттың жаңаруы кезінде келетін Наурыз мейрамын атап өту шаралары бастау алды.Халқымыздың ұлттық мәдениетін паш ететін
Наурыз мейрамы біздің ұжымда да аталып өтуі жылдан жылға рухани дәстүрге айналған.
Осы тамаша үрдісті жалғастырып, емханамыздың игілікті еңбегімен танылған мамандары #17 Қалалық емхана бас дәрігерінің Алғыс хатымен марапатталды, атап өтсек:
- №1 Жалпы тәжірибелік бөлімшенің тазалық сақшысы – Айжан Муталиповна Қамысбекова
- №2 Жалпы тәжірибелік бөлімшенің жасөспірімдер дәрігері – Эльмира Махсұтқызы Санбаева
- №3 Жалпы тәжірибелік бөлімшенің дәрігері – Балнұр Әлімжанқызы Маймышева
- Сәулелік функционалдық диагностика бөлімшесінің медбикесі – Эльмира Сламбекқызы Ерманова
- Педиатрия бөлімшесінің педиатры – Жамиля Абуталиповна Ибраимова
- Әйелдер кеңесі бөлімшесінің акушері – Олухан Масутовна Хусаинжданова
- Арнайы медициналық көмек бөлімшесінің кардиологы – Аманкүл Елубайқызы Елубай
- Интеграция бөлімшесінің фтизиатры медбикесі – Толунай Адилжановна Сабитова
- Ақылы бөлімшенің зертханашысы – Зинакуль Бескемпірқызы Нұрлыбай
- Профилактикалық бөлімшенің әлеуметтік қызметкері – Индира Анашбекқызы
- Әкімшілік- шаруашылық бөлімінің тазалық сақшысы – Сәуле Әбдірахманқызы Жусупова
- Тіркеу бөлімшесінің регистраторы – Ақылбек Асқарұлы Ермағанбетов. Әріптестерімізді марапатымен құттықтаймыз, осындай ұйымшылдығымыз бен берекелі бірлігімізді мақтаныш тұтамыз.
Қадам басып келе жатқан ұлықты мерекеміз - Наурыз мейрамы құтты болсын!
