Халықаралық Медбикелер күні қарсаңында үздік мамандарымызен таныс болыңыздар. Біздің мамандарымыз – біздің мақтанышымыз!Мамандығым мақтанышым.
Халықаралық медбикелер күні қарсаңында №17 Қалалық емхана емдеу-функционалдық диагностика бөлімшесінің аға медбикесі Эльмира Сламбекқызы Ерманова өзінің мамандығын таңдауы мен арманының орындалғаны туралы пікірін білдірді: «Мен 1993 жылы Алматы қалалық медициналық колледжін акушер мамандығы бойынша тәмамдаған едім. Жалпы, менің мамандық таңдауыма анам қатты әсер етті десем болады. Бала кезде мамандық таңдау не екенін білмейсің, аса бір қатты ойламайсың ғой. 15-16 жасымда анам Гүлпатша қатты ауырды, дәрілерін беріп, емделген кездерін қадағалап жүріп, болашақта адам арашасы – медик боламын деп шешім қабылдадым. Қазір сол таңдауымның дұрыс болғанына сенімдімін, себебі еңбегімнің жемісін жеп, керемет ұжымда, сүйікті пациенттеріммен ұнаған ісімді атқарамын. Таңдаған мамандығың ұнаса, еңбегіңді сүйсіне атқарсаң – содан артық бақыт бола ма?! 4 қызым бар, ең кенжесі қызым Жанель мен жетпеген шыңға жетіп, дәрігер болса екен деп армандаймын». Бізде өз тарапымыздан әріптесіміз Эльмира Сламбекқызын алда келе жатқан мерекесімен құттықтап, армандары орындала беруін тілейміз. Халықаралық медбикелер күні құтты болсын.
