#17 Қалалық емхананың ұжымы халқымыздың басына түскен сын сағатта елін қорғау үшін ерлік танытып қаза болған азаматтарымыздың жақындары мен отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бұл оқиға бәрімізге өте ауыр болғаны мәлім. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың салиқалы саясатының арқасында бірлігіміз бен ынтымақтастығымыз сақталып қалды. Өкінішке орай сүйікті қаламыз Алматы отқа оранып, орасан зиян келтірілді. Дегенмен біріге отырып, қала әкімдігінің жетекшілігімен барлығы қалпына келтірілетініне сенеміз. Біз әрқашан біргеміз. Күшіміз Бірлікте! Наша сила в Единстве!
