Елдігіміздің белгісі - Еркіндік.Ғасырларға куә - Тарих, Ерлік, Елдік.
Рухы биік Ұрпақ!
Ордалы Отан!
Тәуелсіз ел Қазақстан!
Еліміздік Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне көптеген салтанатты шаралар өткізіліп, құрметке лайықты тұлғалар марапатталып жатыр. Осы еліміз үшін елеулі мереке қарсаңында біздің үздік мамандар да құрметке бөленді.
Бүгін «Халық алғысы» медалімен хирург-дәрігері Мадихасим Қуатбекұды Шалабаев, Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен Цифровизация және статистика бөлімінің басшысы Қаламқас Серікбосынқызы Қалиева және Алматы қаласы әкімі Бахытжан Сағынтаевтың «Алғыс хатымен» Әйелдер кеңесі бөлімшесінің меңгерушісі Ләззат Төлепбергенқызы Қыстаубаева марапатталады. Әріптестеріміздің еңбегіне табыс, отбасына бақыт пен береке, дендеріне саулық тілейміз, жеңісті әрі жемісті күндеріңіз мол болсын!
Құрметпен, №17 Қалалық емхана ұжымы
