Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

182953120 1344455389260514 6569846999734919186 nБүгін, Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай және «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерін №17 қалалық емхана «Ұлан» БПҰ қызметкерлері айтулы мерекeмен құттықтап, ардагерлерімізге азық-түлік жәшігін табыстады. Әлемде орын алып жатқан індетке байланысты біз быилғы жылы мерейлі күнді кең көлемде тойлай алмасақ та, бұл күннің қадір-қасиетін дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау басты парызымыз деп білуіміз қажет. Қан майданда жанын аямай, соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымыздың, сұрапыл жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарған аталарымыз бен аналарымыздың ерліктері мен қадір-қасиеттері әрбіріміз үшін үлгі-өнеге.
Емхана ұжымы әрбір ардагерге денсаулық пен ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат пен ерік – жігер, бақыт пен береке тілейді! Әр күндеріңіз сүйіспеншілік пен ықыластың жылуымен жылынсын!
160452927 1310117106027676 5380584730582190859 nБүгін – 14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күні қыстан аман-есен шыққан қазақ халқы бірін-бірі Наурыз, Жаңа жыл келуімен құттықтаған, кішілер үлкендерге сәлем беріп, үлкендер батасын берген. Сол дәстүрді жаңғыртып, өмірімізге енгізіп, жаңа жылдық негізгі құттықтауды осы күні айтқан жөн.
#17 қалалық емхана ұжымы осы күні барлық ағайын, туыс, бауырларды, бүкіл халықты қазақша Жаңа жыл, Наурыз мерекесі басталуымен құттықтайды. Сіздерге, отбасыларыңызға есен-саулық, амандық, береке, бақ-дәулет тілейді. Аспанымыз ашық, өміріміз тыныш болып, көркейген, гүлденген Қазақ мемлекетінде жастан жасқа жетіп бақытты өмір сүріп жүре берейік.

117602015 1325361524461694 6525679199670592825 n№17 Қалалық емхананың Цифровизация жөніндегі бөлімшесінің меңгерушісі Қаламқас Серікбосынқызы Калиева күнделікті жұмыста белсенді түрде COVID-19 күресуде алдыңғы қатарда еңбек етіп жүр. Осы сынақ сағатында дәрігерлерге қолдау қажет, індетпен күресуде анасының еңбегін Қаламқас Калиеваның қызы Зейнеп пластилинмен бейнелеп, анасының еңбегін көрсетіпті. Сәби көңілі жеңіске сенеді, біз қолдаймыз. Біз біргеміз!

affiliate tracking url97 Nike Running Shoes Reviews

151346663 1293855654320488 2546469936162360168 nҚазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген саналы көзқарас темекі шегу, спирттік ішімдікке салынудың, есірткі қолданудың көбеюіне себепкер болып отыр. Спирттік ішімдіктердің, есірткі мен темекінің адам өміріне зиянды екені белгілі. Денсаулығы әлсіз, білімі төмен, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз жастары бар ел қашанда әлсіз, қорғансыз. Жастар болашақ, ертеңгі қоғамның, қала берді отбасының иелері. Сондықтан оларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, олардың осы дәстүрді дәріптеуші болып қалыптасуына бағыт беру деген мақсатпен бүгін, №190 отра мектеп оқушыларымен №17 қалалық емхананың СӨС дәрігері, гинеколог маманы, психолог және әлеуметтік қызметкер мамандары бірлесіп «Шылым шегу, алкоголь, электронды сигарет және насыбайдың зияндары, алдын алу» «Ерте кезеңдегі жүктілік және одан қорғану» тақырыптарында сабақ жүргізді. Сабақ соңында психолог маман оқушылармен психологиялық сұрақ – жауап жүргізді. Оқушылар ақпаратты мұқият тыңдап, содан кейін өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Алматыдағы №17 емханада ахуалдық орталық ашылды

Алматыдағы емханалардың бірінде ахуалдық орталық ашылды. Дәрігерлер бұл онлайн режимде медициналық мекемедегі жұмысты бақылауға мүмкіндік береді деп отыр. Яғни, емханадағы кезектен бастап, науқастардың дерті жайлы деректерді бір кабинетте отырып-ақ алуға болады деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Мониторинг нәтижесінде, дәрігерлердің жұмысына да баға берілмек. Осы тектес орталық қазір Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларында жұмыс істеп тұр.  Алматыдағы жаңадан ашылған ахуалдық орталықта әзірге 4 маман еңбек етеді.

«Цифрландыру бағдарламасы аясында былтыр біздің емхана толықтай жаңа бағдарламаға көшкен болатын. Енді дәрігерлер мен мейірбикелердің жұмысын алдын-ала бақылау және бағалау үшін осындай орталық ашу керек болды», - дейді Алматы қаласы №17 қалалық емхананың Цифрландыру және статистикалық есеп беру бөлімінің басшысы Қаламқас ҚАЛИЕВА.

best shoesSneakers

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms