Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

280770454 1899194287078412 4473885927868944550 nХалықаралық Медбикелер күні қарсаңында үздік мамандарымызен таныс болыңыздар. Біздің мамандарымыз – біздің мақтанышымыз!
Арман - алға жетелейді!
Өмір жолын қатардағы медбике лауазымынан бастап, біліктілігі мен білімін жетілдіріп, жетістіктерге қол жеткізген әріптесіміз Шолпан Кеңесқызы Шайымова 1992 Республикалық медицина училищесін аяқтап, 1999 жылы «Эмили» бикелер ісі жөніндегі институтын, ал 2018 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің магистратурасын тәмамдаған. Шолпан Кеңесқызы 1994 жылы қаламыздағы ең танымал ірі клиника – Жедел медициналық жәрдем ауруханасына медбике болып орналасып, кардиология мен хирургия бөлімшелерінде өз мамандығының қыр-сырын иегереді, жас маманның талпынысы мен мамандығына деген сүйіспеншілігі болашаққа зор үмітпен қарайтындығын танытса керек: «Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы ең жауапты кардиология бөлімшесіне қызметке орналастым, өмір мен өлім арасында жанталасқан пациенттерге дер кезінде қол ұшын созып, дәрігерлермен қатар кезекшілік кезінде барынша көмек көрсетуге тырысатынбыз. Мен үшін бұл – үлкен өмір мектебі, керемет жандардан алған кәсіби тәжірибе болды. Сол кезде алған еңбек жолының әр кезеңі мен үшін өте маңызды. Қазір ойлап қарасам, «Арман - алға жетелейді» деген сөздің қандай тап айтылғанына таң қаламын, себебі күні бойы науқастарды қабылдап, түні бойы емдеу шараларын жүргізіп, таңғы төрт-беске таман қолымыз босайтын, сонда біздің ауруханаға қарама қарсы орналасқан Санжар Асфендияров атындағы медициналық университетке терезеден қарап отырып, «міндетті түрде осы университетте оқуым керек, жай медбике емес жақсы маман болуым керек» - дейтінмін. Міне, сол балалық арман орындалып, С.Асфендияров атындағы Мемлекеттік Медициналық университетінің магистратурасын тәмамдадым. Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеде, кетігін тап та, бар қалан» - деген екен, сол өмір кетігін тауып, арманым орындалып, өз мамандығымды игергеніме ризамын» - дейді Шолпан Шайымова.
№17 Қалалық емхана ұжымы атынан Шолпан Кеңесқызын кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы уақытта арман-тілектерінің орындала беруін, жақсылық пен жетістікке қол жеткізуін тілейді.
280934283 1899195310411643 820678811168958789 nХалықаралық Медбикелер күні қарсаңында үздік мамандарымызен таныс болыңыздар. Біздің мамандарымыз – біздің мақтанышымыз!
Мамандығым мақтанышым.
Халықаралық медбикелер күні қарсаңында №17 Қалалық емхана емдеу-функционалдық диагностика бөлімшесінің аға медбикесі Эльмира Сламбекқызы Ерманова өзінің мамандығын таңдауы мен арманының орындалғаны туралы пікірін білдірді: «Мен 1993 жылы Алматы қалалық медициналық колледжін акушер мамандығы бойынша тәмамдаған едім. Жалпы, менің мамандық таңдауыма анам қатты әсер етті десем болады. Бала кезде мамандық таңдау не екенін білмейсің, аса бір қатты ойламайсың ғой. 15-16 жасымда анам Гүлпатша қатты ауырды, дәрілерін беріп, емделген кездерін қадағалап жүріп, болашақта адам арашасы – медик боламын деп шешім қабылдадым. Қазір сол таңдауымның дұрыс болғанына сенімдімін, себебі еңбегімнің жемісін жеп, керемет ұжымда, сүйікті пациенттеріммен ұнаған ісімді атқарамын. Таңдаған мамандығың ұнаса, еңбегіңді сүйсіне атқарсаң – содан артық бақыт бола ма?! 4 қызым бар, ең кенжесі қызым Жанель мен жетпеген шыңға жетіп, дәрігер болса екен деп армандаймын». Бізде өз тарапымыздан әріптесіміз Эльмира Сламбекқызын алда келе жатқан мерекесімен құттықтап, армандары орындала беруін тілейміз. Халықаралық медбикелер күні құтты болсын.
Ата-баба жеңісі мен жетістігін мақтан тұту, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу - біздің парызымыз. Берекелі бейбіт өмір сыйлаған ардақты ардагерлер - алдарыңызда бас иеміз! Біздің аталарымыз Ұлы Отан соғысының жеңімпазы! Біз жеңімпаз ұрпақпыз! #17 Қалалық емхананың ұжымы атынан барша Қазақстандықтарды Ұлы Отан соғысы Жеңісі күнімен құттықтаймын! Осы ұлы мерекенің ерлігі мен елдігі ешқашан ешкімнің есінен шығарылмасы анық. Жеңіс рухы әрбіріміздің жүректерімізді шабыттандырып, алға - жаңа жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Бүкіл әлем әрқашан тату-тәтті өмір сүрсін деп тілейміз!
Құрметпен, Емхана ұжымы
280298706 1899320140399160 873555928610092640 n12 мамыр 2022 жылы №17 Қалалық емханада Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша республикалық референдум референдумның өткізілуі туралы
ақпараттық-түсіндіру шарасы жүргізілді. Шараға Республикалық «DAZ» неміс газетінің бас редакторы - Клименко Олеся Сергеевна , Алматы қаласының қоғам қайраткері – Сулиева Майра Мағауянқызы, №17 Қалалық емхана бас дәрігерінің м.а. - Ким Виктор Эдуарович, №17 Қалалық емхананың заңгері - Филимонова Наталья Викторовна қатысты. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:
«Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік үлгіні жан-жақты өзгертуге бағытталған. Түзетулер басқарудың «суперпрезиденттік» түрінен ықпалды парламент пен есеп беретін үкіметі бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді біріктіруге арналған». Өзекті мәселені талқылау барысында қатысушылар еліміздің ертеңі және ұрпақ болашағы үшін референдумға белсене қатысу қажеттілігін атап өтті. Референдум Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға әрбір азаматтың тікелей қатысуына мүмкіндік береді.
279763633 1895205944143913 5290326691278344380 nОтбасының тірегі, елді бастар.
Отанының қорғаны - азаматтар!
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін әр отбасына!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, бүгін ұжымымыздағы азаматтарды мерекемен құттықтап, жақсы көңіл-күй сыйладық. Емхананың нәзік жандары таңертең басталған құрмет шарасын мерекелік құттықтаумен жалғастырды. #17 Қалалық емхана ұжымы атынан еліміздің тыныштығын қорғайтын Отан қорғаушыларын 30 жылдық мерейлі мерекемен құттықтай отырып,
отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Құрметпен, #17 Қалалық емхана ұжымы!

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms