Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

280775324 1904848979846276 3558199399004514585 nДүниежүзілік отбасы дәрігерлері күні. Дәрігер көмегіне жүгінбейтін отбасы болмайды, әр үйдің сүйікті дәрігері, сыйлайтын ақ халатты абзал жаны болады.
Біздің емханада учаскелік дәрігерлер әр отбасының тыныс-тіршілігімен бір екенін білеміз. Отбасы дәрігері қария мен балаға, ана менен жасөспірімге, әр отбасы мүшесіне кеңес беріп, емдейді, тіпті сол отбасының жақын жанына айналған. Себебі, адам жаны қиналғанда өз дәрігеріне жүгінеді. Айнұр Мұхитқызы Құрбанбаева 2017 жылы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетін тәмамдап, #17 Қалалық емханаға қызметке орналасқан. Осы бес жылдағы тәжірибесімен бүгін Айнұр Мұхитқызы бөліседі: "Университет тәмамдап, қаладағы ең танымал емханаға қызметке орналасқанда, алғашқы ойым - отбасы дәрігері бола аламын ба, қандай дұрыс шешім қабылдау керек, арманыма айналған мамандықты қалай жақсы игерсем екен еді. Міне, бес жылда мамандықты дұрыс таңдағаныма сенімдімін. Біріншіден, акушер-гинеколог дәрігер болған әжемнің батасы тек мамандық таңдауға себеп болмай, батасын бергендігінде. Күнделікті өмірде қиындық болсын, қуаныш болсын, әжемнің: "Дәрігер болу оңай емес, өз өміріңді емес, пациенттің жанына шипа, дертіне дауа табу жолын ойлап, бар ғұмырыңды мамандығыңа арнасаң, нағыз дәрігер боласың" - деген сөзі мәңгі есімде қалған соң қолдау береді. 2019 жылдан бері бөлімше меңгерушісі қызметін атқарамын, бұл әкімшілік пен ұжымның маған артқан сенімі. Ал сенімді ақтау - менің парызым'. Осындай білікті мамандарымызды мақтан тұтамыз, емханамызда көмек көрсетілетінін әр отбасына кәсіби білікті жалпытәжірибелік көмек көрсетіп жүрген мықты мамандарымызды Дүниежүзілік отбасы дәрігерлері күнімен құттықтаймыз, пациенттеріміздің алғысына бөленіп, жақсылық жетістігінен көрініңіздер! Құрметпен, #17 Қалалық емхана ұжымы.
⁉️ 280881276 1904124249918749 4008390028993958557 nЖүкті әйел жұмыс істемесе, МӘМС жарнасын төлеу керек пе және қанша төлейді? Бала туылғаннан кейін қалай болады?
✅ Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлемесе, онда ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кіре алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Егер әйелдің МӘМС мәртебесі "САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН" болса, онда ол учаскелік дәрігер мен акушер арқылы есепке тұра алады
✳️ Босанғаннан кейін бұл әйел үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтіндер үшін басқа жеңілдікті санатқа кіреді және де мемлекет есебінен сақтандырылатын болады
280703085 1903163983348109 7530106619810787844 nҚұрметті достар, бүгінгі пульмонолог күнінде осы саладағы тыныс тіршілігі емшілерін мерекелерімен құттықтаймыз. Әр мереке қарсаңында өз емханамыздағы еңбек ететін үздік мамандарымызды мақтан тұтып, таныстыруға тырысамыз. Емханамыздағы медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары дәрежелі дәрігер, педиатр-пульмонолог Мира Зекенқызы Ажахметова 1996 жылы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған.
"Мен дәрігер болуды 7 жасымнан бастап армандадым. Оған себеп болған әкемнің ауырғаны еді, жанына шипа іздеген кезде бала емес, ересек болып дәрігер ретінде жанында болғым келді, сол балалық арманымды жүзеге асырамын деп өзіме серт бердім. Ұстаздарым менің сөзге жүйрік, тілге шебер қабілетіме қарай журналистикаға бар деген болатын, тіпті дайындап, көп ақыл берді. Дегенмен, бала арманы мен әкеме берген уәде - мамандығымды дұрыс таңдағанымның кепілі. Отыз жылға жуық пульмонология саласында қызмет атқарып келемін, соңғы он жылда елімізге танымал #17 Қалалық емханада науқастарды емдеп, сүйікті кәсібімді атқарамын. Әрине, мамандық таңдау оңай емес, ал сол таңдаудың болашақта ұнайтын әрі қуана жұмысыңа баратын сәт сыйлауы - нағыз бақыт. Сондықтан, мен өзімді бақытты жанмын деп ойлаймын, және барлығыңызға осындай бақыт пен арман-мақсаттарыңыздың орындала беруін тілеймін " - деп өз ойымен біздің танымал маманымыз Мира Зекенқызы Ажахметова бөлісті. Біз өз тарапымыздан әріптесімізді төл мерекесімен құттықтаймыз, әрқашан армандарыңыз орындала берсін.
⁉???? 280978327 1904123129918861 4347024852364294491 nМӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ адамға еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма?
????Егер пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау немесе растау үшін МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету талап етілмесе, онда еңбекке жарамсыздық парағын ТМККК шеңберінде рәсімдеуге болады.
????Мысалы, сақтандырылмаған науқаста ЖРВИ белгілері пайда болып, ол фильтр кабинетіне немесе учаскелік дәрігерге қабылдауға жүгінді делік. Егер диагнозды белгілеу үшін арнайы маманға жолдама немесе МӘМС пакетіне кіретін диагностикалық зерттеулер талап етілмесе, онда пациентке учаскелік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере алады.
????Алайда, егер емдеуді одан әрі түзету немесе қосымша зерттеулер жүргізу үшін міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енгізілген медициналық қызметтерді алу қажет болса, онда мұндай пациентке міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу қажет болмайды.
280758926 1899194850411689 5995338023635967402 nХалықаралық Медбикелер күні қарсаңында үздік мамандарымызен таныс болыңыздар. Біздің мамандарымыз – біздің мақтанышымыз!
Өмірде өз орынымды тауып, кәсібімді таңдауға
ұйымшыл ұжымым әсер етті.
Біздің әріптесіміз Замзагүл Хайдарқызы Шамгунова №17 Қалалық емханада 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. Емханаға алғаш тіркеу бөлімшесіне регистратор болып қызметке орналасқан Замзагүл Хайдарқызы болашақ мамандығын таңдап, өмір жолында өзгерісімен бөлісті: «Мен 2016 жылы осы емханаға регистратор болып қызметке орналастым, төрт жылға уақыт ішінде ұйымшыл ұжымнан кеткім келмейтінін және болашақтағы орыным мен таңдауым медицина екенін түсіндім, жалпы медбике мамандығының қаншалықты маңызды екенін де түсіндім. Әріптестеріммен ақылдаса келе, 2019 жылы Ресей-Қазақстан Медициналық университетіне қарасты колледжге түсіп, медбике мамандығын игердім. Осы таңдауымның дұрыс болғанына қуанамын, қазір еңбегімнің жемісін көріп отырмын десем болады. Отбасымызда екі ұлымыз бар, қай ана баласын жамандық ойлайды, мен де балаларымның жетістікке қол жеткізгенін тілеймін, сондықтан кіші ұлым Елнұр қазір 8-ші сыныпта оқиды, келесі жылы Медициналық колледжге түсемін дейді, мен ьолсам болашақта баламның ары қарай оқып, дәрігер болуын қалаймын. Қазақта «шәкірті ұстазынан озса – бақыт» - дейді, мен де баламның менен озып, тамаша маман болуын, елімізге танымал дәрігер болуын тілеймін. Ал мен үшін мамандығымның ең маңыздысы – әр келген пациенттің ризашылығы, ауырмай тек кеңес алуға келуі деп ойлаймын. Ол үшін пациент дәрігердің берген тағайындамасын дер кезінде дұрыс пайдаланып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қараса болғаны». Әріптесіміз Замзагүл Шамгуноваға еңбегіне жетістік пен жеңістік тілеп, алда келе жатқан мерекесімен құттықтаймыз.

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms