Құрметті емделушілер!
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдесіндегі № 360-VI «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің негізінде №11 Қалалық емханада Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) қызметі құрылған.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің міндеті ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі шеңберінде азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмек көрсету, пациенттердің мәселелерін «осында және қазір» принципі бойынша қолдау көрсету болып табылады.
ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРДА ҮЙЛЕСТІРЕДІ:
Қызмет адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, әділеттілік, гуманизм, азаматтар құқықтарының теңдігі қағидаттары негізінде жұмыс істейді.
Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі келесі бағыттар бойынша медициналық көмектің сапасын басқару бойынша ұйымның қызметін ұйымдастырады;
1) сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) туындаған кезде сол жерде және 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу;
2) адами және материалдық-техникалық ресурстардың жай-күйі мен пайдалану тиімділігін бағалау;
3) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау;
5) жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға көмектесетін бағдарламалық шараларды әзірлеу.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:
- Егер көрсетілген медициналық қызмет сапасына көңіліңіз толмаса;
- Медициналық қызметкердің өрескелдік таныту оқиғасы орын алған болса;
- ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет түрлері үшін ақшалай қаражат бопсалау деректеріне куә болсаңыз;
- Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзған жағдайда (Қабылдауға жазылу, Дәрігерді үйге шақыру, Медициналық ұйымға тіркеу, Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын беру, Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, Науқастарды стационарға жатқызуға жолдама беру стационарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру, Медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру, Трансплантациялау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) өмір бойына ерікті түрде беруге келісімді немесе бас тартуды ресімдеу келісімін беру, Санаториялық-курорттық емделу қажеттілігі туралы қорытынды беру), сондай-ақ Егер сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз.
ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨМЕНДЕГІ ТЕЛЕФОНДАР АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:
- Сall-орталық – 391-02 -91
- Сall-орталықтың WhatsApp номері 8-700-391-02-91
- ПҚжәнеІБҚ — 8 (727) 337-83-71, сот. 8-708-101-24-02
- ПҚжәнеІБҚ WhatsApp номері — 8 708 506 - 17-17
Біз сізге көмектесуге әрқашан қуаныштымыз!