Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

Безымянный1№17 Қалалық емхана мамандары зиянды әдеттерден аулақ жүру және алдын алу мақсатындағы шараларды кеңінен өткізу мақсатында үстіміздегі жылдың 24 қаңтарында №125 жалпы білім беру мектебінің оқушылары арасында «Жасөспірімдер арасында токсикалық тәуелділікке түсудегі күрделі салдардың алдын алу» және “Туберкулез алдын алу”атты семинар өткізді. Семинар барысында мектеп оқушыларының сұрақтарына толық жауап беріліп, жасөспірімдерге түсіндіру шаралары жүргізілді. Балалар біздің болашағымыз, өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарайық.

310803250 2020451051619401 2434429412533651202 nБүгінгі күні 17 қалалық емхананың тазалығына үлес қосып жүрген әріптестерімізге "Адам өз өмірінің суретшісі" атты тренинг өткізілді. Мақсаты: адамға жеке өзіндік "Менін" тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту. Тренинг соңында кері байланыста әріптестеріміз өз ризашылықтарын білдірді.

300965520 1672558633116853 1837973689781198697 nЖүрегі Елім деп соққан әр қазақстандық үшін Конституция күні - ең үлкен мереке. Осы Ата Заң күні қарсаңында #17 Қалалық емханада салтанатты шара өткізіліп, жетістікке қол жеткізген мамандарымыз марапатталды. Сый-сияпат пен марапатқа бөленген әріптестерімізді құттықтаймыз. Бүкіл әлемге әйгілі Еліміздің Тәуелсіздігі мәңгі болсын!

302127641 1676198339419549 4348567156514061257 n
Президентіміз: «Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды».
«Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады»деп, келесі мәселелерді атап өтті:
- БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
- ЕКІНШІ БАҒДАР. НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ.
- ҮШІНШІ БАҒДАР. ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ.
Мемлекет басшысы Медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінің маңыздылығына тоқталып, қаржыланждыруға сәкес медициналық көмектің сапасын арттыруды тапсырды.
«Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды».
Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
- ТӨРТІНШІ БАҒДАР. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ІСІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ.
Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты.
Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс жүзінде орындағанын қалайды.
- БЕСІНШІ БАҒДАР. ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП.
Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты формуламызды біртіндеп нақты мән-мазмұнмен байыта түседі. Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды.
Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз. Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді.
Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз! Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!
300781116 1672018083170908 8425324501597243963 n
Бүгін емханамызда ерекше күн. Жылда осы уақытта дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы бастау алады. №17 Қалалық емхана әкімшілігі және кәсіп одақ «профсоюз» өкілі емханамыздың ұжымының мектеп табалдырығын енді аттайын деп отырған бүлдіршіндерге қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан емханамыздың бас дәрігерінің орынбасары Тажибаева Шұғыла Жұмалиқызы жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді.
№17 Қалалық емхана әкімшілігі мектеп табалдырығын енді аттайын деп отырған бүлдіршіндерімізге барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын, ақылды, егеменді еліміздің білікті азаматыры мен азаматшалары болып өсе берсін деп тілейді!

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms