Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

331487970 905786534087044 2326695899635010536 nМейірімділік шапағатын сыйлайық» акциясы аясында «жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші» №17 Қалалық емхананың профилактика бөлімінің қызметкерлері мен «Шұғыла» қоғамдық қоры бірлесе отырып,көпбалалы жағдайы төмен отбасына көмек көрсетті.Еліміздің болашағы балаларға мейірімділік пен махаббатқа бөленуіне үлесімізді қосайық.Осыған орай қолдау көрсеткен «Шұғыла» қоғамдық қорына шексіз алғысымызды білдіреміз!

331053641 658673002925196 1702188558676506265 nБүгін, 16 ақпан 2023 жыл «Родник» Қоғамдық қоры қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық ауданы, «Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық Басқарамасы №17 Қалалық емхана КМК аумағында «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» аймақтық жобасының бөлігі болып табылатын «Қауіпсіз және жауапты көші-қон үшін бірге» USAID жобасы аясында БІРЛЕСКЕН түсіндірме ЖҰМЫСТАРын өткізді.
Аталған іс - шараның мақсаты: ақпарат беру арқылы ҚАУІПСІЗ КӨШІ - ҚОНға жәрдемдесу, адам саудасының тәуекелдерін азайту. Шараға Бостандық ауданы ПБ Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорағау инспекторы, полиция аға лейтенанты Медешова Алтынай, полиция аға лейтенанты Кожахмет Алина және аталған емханаға қарасты Жастар орталығының меңгерушісі Бемтембаев Болат Иманбекович қатысты.
Шара барысында емханаға келушілер және қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,аталған емхана қызметкерлері адам саудасы туралы ақпаратпен танысты. Шара барысында екі тілде адам саудасының құрбаның қандай белгілеріне қарап анықтауға болады және неге жете назар аудару керек екені туралы дайындалған 100 ақпараттық өнім таратылды.
Емхана қызметкерлері егерде қиын жағдайға «түскен адамды» анықтаса көрсетілген телефон арқылы хабарласатындарын жеткізіп, атқарылып жатқан шараға түсіністікпен қарап, қолдау білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «Родник» ҚҚ 2022 жылғы 20 сәуірден бастап 2023 жылғы 13 қазанға дейін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі арқылы көрсетілген Америка халқының қолдауымен Winrock International жүзеге асыратын USAID-тің «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» ірі өңірлік жобасының бөлігі болып табылатын «қауіпсіз және жауапты көші-қон үшін бірге» жобасында іске қосылды (USAID).
327719497 486831523661358 721516860540376201 n08.02.2023 жылы №190 орта мектебінде, 6-7 сынып оқушы қыздарымен жыныстық тәрбие және жеке бас гигиенасы тақырыбында кездесу өтті. Дәрісті №17 қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері Төребаева Н.А. жүргізді.
Дәріс барысында қыздарға жыныстық жетілу кезіндегі қыздардың ағзасындағы өзгерістердің физиологиялық, психологиялық аспектілері, контрацепцияның заманауи әдістері, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу туралы ақпарат беріледі.
329477157 577565711077220 4344066186565703055 n14.02.2023 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы, Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернаты», 6-7 сынып оқушы қыздарымен жыныстық тәрбие және жеке бас гигиенасы тақырыбында кездесу өтті. Дәрісті №17 қалалық емханасының акушер-гинеколог дәрігері Төребаева Н.А. жүргізді.
Дәріс барысында қыздарға жыныстық жетілу кезіндегі қыздардың ағзасындағы өзгерістердің физиологиялық, психологиялық аспектілері, контрацепцияның заманауи әдістері, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу туралы ақпарат беріледі.

327899931 581038723522148 6385229581011629356 n01.02.2023ж. «Ардагерлерді ардақтау – аға ұрпаққа қамқорлық» партиялық жобасы аясында №17 Қалалық емханада Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, желтоқсаншыларға және Ауған соғысына қатысушыларға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Ашық есік күнінде келушілер келесі мамандардың қабылдауында болды: кардиолог, невропатолог, эндокринолог, гинеколог, уролог, хирург, психолог, ЛОР және терапевт. Сонымен қатар жедел әдіспен қандағы қант пен холестеринді, қан қысымын, ЭКГ сияқты жоспарлы тексерулер жүргізілді. Барлығы 77 адам тексерілді.

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms