Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

331053641 658673002925196 1702188558676506265 nБүгін, 16 ақпан 2023 жыл «Родник» Қоғамдық қоры қызметкерлері Алматы қаласы Бостандық ауданы, «Алматы қаласы Қоғамдық Денсаулық Басқарамасы №17 Қалалық емхана КМК аумағында «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» аймақтық жобасының бөлігі болып табылатын «Қауіпсіз және жауапты көші-қон үшін бірге» USAID жобасы аясында БІРЛЕСКЕН түсіндірме ЖҰМЫСТАРын өткізді.
Аталған іс - шараның мақсаты: ақпарат беру арқылы ҚАУІПСІЗ КӨШІ - ҚОНға жәрдемдесу, адам саудасының тәуекелдерін азайту. Шараға Бостандық ауданы ПБ Әйелдерді зорлық - зомбылықтан қорағау инспекторы, полиция аға лейтенанты Медешова Алтынай, полиция аға лейтенанты Кожахмет Алина және аталған емханаға қарасты Жастар орталығының меңгерушісі Бемтембаев Болат Иманбекович қатысты.
Шара барысында емханаға келушілер және қызметкерлер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,аталған емхана қызметкерлері адам саудасы туралы ақпаратпен танысты. Шара барысында екі тілде адам саудасының құрбаның қандай белгілеріне қарап анықтауға болады және неге жете назар аудару керек екені туралы дайындалған 100 ақпараттық өнім таратылды.
Емхана қызметкерлері егерде қиын жағдайға «түскен адамды» анықтаса көрсетілген телефон арқылы хабарласатындарын жеткізіп, атқарылып жатқан шараға түсіністікпен қарап, қолдау білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, «Родник» ҚҚ 2022 жылғы 20 сәуірден бастап 2023 жылғы 13 қазанға дейін АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі арқылы көрсетілген Америка халқының қолдауымен Winrock International жүзеге асыратын USAID-тің «Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон» ірі өңірлік жобасының бөлігі болып табылатын «қауіпсіз және жауапты көші-қон үшін бірге» жобасында іске қосылды (USAID).

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms