Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

440483058 2410453129285856 3932100726938329609 n#17 қалалық емхана бүгін «12-мамыр Халықаралық мейірбикелер күнімен» барша мейірбикелерді шын жүректен құттықтайды.
Бүгін, #17 қалалық емхана проф.ком мен акімшілігі, емханамыздың бас мейірбикесімен және аға мейірбикелерін, сонымен қатар үздік мейірбикелерін алғыс хатпен мараттады.
Құрметті мейірбикелер!
Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі –мейірбике. Бүгінгі мейірбике тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, ол ойшыл, үнемі ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Мейірбике – мейірбике ісі философиясын бөлісетін, мейірбике ісін жүргізуге құқығы және кәсіби білімі бар маман. Мейірбике – денсаулық сақтау саласының негізгі қозғалтқыш күші. Сондықтан, науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірімділік танытып жүрген ақ халатты абзал жандардың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы. Мейірбике өз қызметі барысында ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік, оқытушылық міндеттер сияқты қағидаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.
Олай болса, денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, міндетін мінсіз атқарып жүрген баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерге отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілек білдіреді.
441954535 2410373335960502 5018710651421438607 n12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Медицина саласының ауыры мен қиындығын дәрігерлермен қатар атқарып жүрген нағыз ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Осы мереке қарсаңында №17 Қалалық емхананың орта буыны медицина қызеткерлері арасында кәсіби біліктілік деңгейін анықтау мақсатында конкурс өткізілді.
Конкурс шарты бойынша, ата-аналарды 6 айдан бастап балаларға қосымша тамақ дайындауды үйрету.Конкурс әділқазылар бағалауымен әділ бағасы беріліп, өз өнері мен ұшқыр ойын танытқан жеңімпаздарды анықтауға мүмкіндік берді. Жеңімпаздарымыз емхана басшысының дипломымен марапатталып, сыйлықтарды иеленді.

439080122 2398040103860492 1480882574998743075 n15.04.2023ж. бастап «Ардагерлерді ардақтау – аға ұрпаққа қамқорлық» акция аясында №17 Қалалық емхана Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, желтоқсаншыларға және Ауған соғысына қатысқан мүгедектігі бар ардагерлерге үй жағдайында медициналық тексеру өткізілуде. Жедел әдіспен қандағы қант пен холестеринді, қан қысымын, ЭКГ сияқты жоспарлы тексерулер жүргізілуде.

439158989 2401500970181072 1819156659129793611 nЖыл сайын көктемнің әсем күндерінде Ұлы отан соғысына қатысып, ерен еңбектерімен елін қорғаған ата-апаларымызға
Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шараға арналған акция аясында №17 Қалалық емхана мамандары ардагерлеріміздің үйіне барып, медициналық тексеру жүргізді. Осы бастама негізінде қарияларымыздың емханаға келмей, үйінде қолжетімді әрі сапалы көмекті қамтамасыз етті.
Ардагерлерге толық мамандандырылған медициналық тексеру жүргізіп (чек-ап), сонымен қатар зертханалық зерттеулер, ЭКГ, пульсоксиметрия, спирография жүргізді. Арнайы мамандарымыз кеңесін беріп, ардагерлерді мазалаған сұрақтарына жауап берді.
Ардақты ардагерлердің алда келе жатқан мерекесімен құттықтаймыз, отбасына бақ-береке, ғұмырлы өмір тілейміз. Қадірлі пациенттеріміздің денсаулығын қорғау – біздің басты парызымыз.

437147849 2394371414227361 2220288391134560831 n

№17 Қалалық емхана гинекологы - Утарова Тойдық Бақбергенқызымен желі диаграммасының жоспары бойынша, 2024 жылдың 16 сауір айында №88 орта мектебінің оқушыларына «Қыздардың жетілу процесі» тақырыбына дәріс оқылды.
Дәріс барысында: Қыздардың жетілу жасы, гигиенасы жайлы тақырыптар қозғалды...
#алматыбіздіңортақүйіміз#алматынашобщийдом

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms