15.04.2023ж. бастап «Ардагерлерді ардақтау – аға ұрпаққа қамқорлық» акция аясында №17 Қалалық емхана Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, желтоқсаншыларға және Ауған соғысына қатысқан мүгедектігі бар ардагерлерге үй жағдайында медициналық тексеру өткізілуде. Жедел әдіспен қандағы қант пен холестеринді, қан қысымын, ЭКГ сияқты жоспарлы тексерулер жүргізілуде.