Жыл сайын көктемнің әсем күндерінде Ұлы отан соғысына қатысып, ерен еңбектерімен елін қорғаған ата-апаларымызға
Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шараға арналған акция аясында №17 Қалалық емхана мамандары ардагерлеріміздің үйіне барып, медициналық тексеру жүргізді. Осы бастама негізінде қарияларымыздың емханаға келмей, үйінде қолжетімді әрі сапалы көмекті қамтамасыз етті.
Ардагерлерге толық мамандандырылған медициналық тексеру жүргізіп (чек-ап), сонымен қатар зертханалық зерттеулер, ЭКГ, пульсоксиметрия, спирография жүргізді. Арнайы мамандарымыз кеңесін беріп, ардагерлерді мазалаған сұрақтарына жауап берді.
Ардақты ардагерлердің алда келе жатқан мерекесімен құттықтаймыз, отбасына бақ-береке, ғұмырлы өмір тілейміз. Қадірлі пациенттеріміздің денсаулығын қорғау – біздің басты парызымыз.