Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Жаңалықтар

Поиск по сайту

378402767 2259294387735065 7269998094350267699 nНАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Құрметті емделушілер!
Алдағы күзгі-қысқы маусымдық, жедел респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) таралуының жоғарылауына байланысты БІЗ СІЗДЕРДІ ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!
ГРИППОЛ ПЛЮС- тұмаудың алдын алуға арналған төрт валентті суббірлік адъювантты вакцина. Өндіруші мемлекет Ресей.
Вакцинаны келесі контингентерге алу ұсынылады: 6 айдан асқан балалар, созылмалы аурулары бар адамдар (жүрек-кан тамырлары, тыныс алу, эндокриндік және басқа жүйелер) жане 60 жастан аскан адамдар, жүкті әйелдер жүктіліктің 2-3 триместрінде.
Вакцинация күнделікті:
Сағат 08: 00 -ден 18: 00 -ге дейін № 314 бөлме (ересектер)
Сағат 10: 00 -ден 18: 00 -ге дейін № 226 бөлме (балалар)
Сағат 08: 00 -ден 18: 00 -ге дейін № 415 бөлмесінде (жүкті әйелдер) жургізіледі.
Кварц уақыты: 13.00-ден 13.30-ге дейін
Басқада сұрақтар үшін 391-02-91 CALL-орталығына қоңырау шалуыңызды сұраймыз!
377251502 2252368768427627 5180094583096025465 nБүгін елімізде Отбасы күні аталып өтілуде. Аталған мереке елімізде 2013 жылдан бастап тойланады.
Мемлекет бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отыр.
«Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі. Отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Ізгілік идеалдары мен қағидаларына негізделген тұлға дүниетанымы ата-ана тәрбиесінен бастау алады. Халқымыз қашанда шыққан тегіңді білуге және отбасы құндылықтарын ұлықтауға айрықша мән берген. Бүгінде бұл қасиеттер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады», – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
367470712 2240331306298040 2544347786281254522 nБүгін емханамызда ерекше күн. Жылда осы уақытта дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы бастау алады. №17 Қалалық емхана әкімшілігі және кәсіп одақ «профсоюз» өкілі емханамыздың ұжымының мектеп табалдырығын енді аттайын деп отырған бүлдіршіндерге қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан емханамыздың директорының міндетін атқарушы Тажибаева Шұғыла Жұмалиқызы жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді.
№17 Қалалық емхана әкімшілігі мектеп табалдырығын енді аттайын деп отырған бүлдіршіндерімізге барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын, ақылды, егеменді еліміздің білікті азаматыры мен азаматшалары болып өсе берсін деп тілейді!
373011403 2252316545099516 8714187345504793365 n11 қыркүйекте сағат 10:00-де «Жер-2023» Республикалық оқу-жаттығу шеңберінде Алматы қ.аласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ КМК «№17 Қалалық емханасында» жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі.
11 сентября в 10 часов 00 минут в КГП на ПХВ «Городской поликлиники №17» УОЗ г.Алматы в рамках Республиканских учений «Жер-2023» проведено общегородская сейсмотренировка.
Подготовленность к чрезвычайным ситуациям является залогом сохранения жизни и здоровья человека.
362241360 2218438181820686 157723594563729602 n????Егер пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау немесе растау үшін МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету талап етілмесе, онда еңбекке жарамсыздық парағын ТМККК шеңберінде рәсімдеуге болады.
????Мысалы, сақтандырылмаған науқаста ЖРВИ белгілері пайда болып, ол фильтр кабинетіне немесе учаскелік дәрігерге қабылдауға жүгінді делік. Егер диагнозды белгілеу үшін арнайы маманға жолдама немесе МӘМС пакетіне кіретін диагностикалық зерттеулер талап етілмесе, онда пациентке учаскелік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере алады.
????Алайда, егер емдеуді одан әрі түзету немесе қосымша зерттеулер жүргізу үшін міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енгізілген медициналық қызметтерді алу қажет болса, онда мұндай пациентке міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу қажет болмайды.

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms