Бүгін емханамызда ерекше күн. Жылда осы уақытта дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы бастау алады. №17 Қалалық емхана әкімшілігі және кәсіп одақ «профсоюз» өкілі емханамыздың ұжымының мектеп табалдырығын енді аттайын деп отырған бүлдіршіндерге қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан емханамыздың бас дәрігерінің орынбасары Тажибаева Шұғыла Жұмалиқызы жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді.