Бүгін – 14 наурыз - Көрісу күні. Бұл күні қыстан аман-есен шыққан қазақ халқы бірін-бірі Наурыз, Жаңа жыл келуімен құттықтаған, кішілер үлкендерге сәлем беріп, үлкендер батасын берген. Сол дәстүрді жаңғыртып, өмірімізге енгізіп, жаңа жылдық негізгі құттықтауды осы күні айтқан жөн.
#17 қалалық емхана ұжымы осы күні барлық ағайын, туыс, бауырларды, бүкіл халықты қазақша Жаңа жыл, Наурыз мерекесі басталуымен құттықтайды. Сіздерге, отбасыларыңызға есен-саулық, амандық, береке, бақ-дәулет тілейді. Аспанымыз ашық, өміріміз тыныш болып, көркейген, гүлденген Қазақ мемлекетінде жастан жасқа жетіп бақытты өмір сүріп жүре берейік.