Бүгін, Ұлы Отан соғысының 76 жылдығына орай және «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында, Ұлы отан соғысы мен тыл ардагерлерін №17 қалалық емхана «Ұлан» БПҰ қызметкерлері айтулы мерекeмен құттықтап, ардагерлерімізге азық-түлік жәшігін табыстады. Әлемде орын алып жатқан індетке байланысты біз быилғы жылы мерейлі күнді кең көлемде тойлай алмасақ та, бұл күннің қадір-қасиетін дәріптеп, өскелең ұрпаққа насихаттау басты парызымыз деп білуіміз қажет. Қан майданда жанын аямай, соғысты басынан өткеріп, бізді жеңіске жеткізген ата-бабаларымыздың, сұрапыл жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды атқарған аталарымыз бен аналарымыздың ерліктері мен қадір-қасиеттері әрбіріміз үшін үлгі-өнеге.
Емхана ұжымы әрбір ардагерге денсаулық пен ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат пен ерік – жігер, бақыт пен береке тілейді! Әр күндеріңіз сүйіспеншілік пен ықыластың жылуымен жылынсын!