Тұрғындардың жедел медициналық жәрдем қызметіне жүгіну ережесі«103» қашан қоңырау шалу керек Жедел жәрдем келесі жағдайларда шақырылады:
Қайғылы оқиғаларда, жарақаттар немесе уланғанда.
Ауру асқынғанда, науқастың немесе оны қоршаған адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде.
Босану және жүктілік ағымындағы асқынулар.
Асқынған конорарлық синдром.
Осы жағдайларда жедел медициналық жәрдем қызметіне шұғыл жүгініңіз ! (ЖМЖС).
Ескерту: сонымен бірге, мамандардың алғашқы медициналық-санитарлық көмекке жүгіну бойынша, ЖМЖС қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет ететін науқастарды тасымалдауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтық алмағандарға, оның аймағында тұратындарға жедел медициналық жәрдем тегін көрсетіледі. ЖМЖ қызметінің мамандары келесі жағдайларда үйге бармайды:
Амбулаторлық-емханалар жұмыс істеген уақытта шұғыл медициналық жәрдемді қажет етпеген жағдайда науқастың үйіне.
Емдеуші дәрігері тағайындаған, процедураларды орындауға (көктамыр ішіне, бұлшық ет ішіне, тері астына дәрі жіберуге, қандағы қантты анықтау және т.б.)
Шұғыл түрде ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін жоспарланған науқастарды тасымалдауға.
Сот-наркологиялық және медициналық талдаулардың басқа да түрлерін жүргізуге.
Медициналық ұйымдарға кеңестік көмек көрсетуге.
Науқастарды стационардан үйге жеткізуге.
Қазалы жағдайларды куәландыруға.
Созылмалы аурулары бар жағдайда, манипуляция (бұлшық етке, тамырға ) жасау үшін науқас тұрғылықты жері бойынша емханаға медициналық көмекке жүгінуі қажет.
Ескерту:
Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында (мысалы: тұмау, гепатит, қызылша және т.б.) және өз денсаулығын сақтау мақсатында қала тұрғындары тұрғылықты жері бойынша емханадан алдын алу екпелерін алу қажет.
Жедел медициналық жәрдем мамандары сот-медициналық қорытынды, ішімдік ішкенін куәландыратын акт, еңбекке жарамсыздық парағын және анықтама бермейді.
Жедел медициналық жәрдем қызметіне қоңырау шалып жүгінуші келесі ережелерді сақтауы қажет:
№1 ЕРЕЖЕ
Қоңырау шалушы науқастың анық мекенжайын, кіретін есік кодын, сондай-ақ үйге тез барудың барлық мүмкіндіктерін түсіндіріп хабарлауы керек. Сонымен бірге, жедел медициналық жәрдем қызметі мамандарының науқас туралы қойылған барлық сұрақтарына анық жауап беруі ҚАЖЕТ. Өйткені қажетті профилдегі (кардиологиялық, педиатриялық, бағыттағы және т.б.) бригадалардың тез жетуі осыған байланысты болады.
2 ЕРЕЖЕ
Диспетчермен сөйлесіп болғаннан кейін бірнеше минут өткенде, пәтерде тұратын кісілердің біреуі (егер, әрине, жағдай мүмкіндік берсе) көшеге шығып «жедел жәрдем» қызметкерлерін күтіп алсын. Әсіресе осындай әрекеттер кешкі және түнгі уақыттарда кесдеседі. Қалай дегенмен, біріншіден, бригаданың тез жетуіне септігін тигізеді, ал екіншіден әйелдер басым болған ЖМЖ қызметкерлері үшін кепілдік орнатады.
№3 ЕРЕЖЕ
«Жедел жәрдем» қызметкерлері, оқиға орнына келіп жеткенде, жұмыс істеу үшін жағдай жасалуы керек, өйткені оның тиімділігі осыған байланысты болады.
№4 ЕРЕЖЕ
Науқасты ауруханаға жеткізуде оны шығарып салуға тек қана бір туысы немесе танысына рұқсат беріледі.
Ескерту: тұлға, жедел медициналық жәрдем бригадасына негізсіз шақырту жіберсе немесе диспетчерге жалған ақпарат хабарласа, Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады.
Adidas shoesNike Air Max 200