Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

Поиск по сайту

 

Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты

нормативтік құқықтық актілердегі және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұйымдастырушылық-басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын анықтау нәтижелері бойынша

ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

 

 

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу объектісінің атауы: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК (ары қарай – Кәсіпорын).

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410 Заңының 8-бабының 5-тармағы,

-  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығы,

-  Кәсіпорын директорының 2026 жылдың 19 мамырындағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 08 бұйрығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті тұлға - Семейская Н.А. - комплаенс-офицер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

-            Кәсіпорында мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде;

-            дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүргізу кезінде;

-            Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде (ПҚжІАҚ)).

СЖТІТ жүргізу үшін талдау жүргізу кезінде СЖТІТ жүргізілуіне ақпарат көздерін жинауға және уәкілетті тұлғаға ұсынуға жауапты тұлғалар тағайындалды:

Жұмыс тобының жетекшісі - Мелдебекова Ж.А. –директордың ЭМ және ӘШБ жөніндегі орынбасары;

Жұмыс тобының мүшелері:

1) Тәжібаева Ш.Ж. – директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары;

2) Таскинбаева Б.К. – бас бухгалтер;

3) Филимонова Н.В. – заңгер;

4) Абдибаева А.Е. – кадр бөлімінің аға инспекторы;

              5) Рахымбердиева С.К. – мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман;

              6) Абильдаев Е.Т. - мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман;

              7) Юсупова М. – АДДҚ басшысы;

8) Семейская Н.А. – комплаенс-офицер, жұмыс тобының хатшысы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 3-4 тоқсаннан бастап   2026 жылғы 2 тоқсанға дейін.

Өткізу мерзімі - 2026 жылғы 08 сәуірі мен 30 сәуірі аралығында.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде келесі заңнама басшылыққа алынды:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;

2) ҚР Кәсіпкерлік кодексі;

3) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жұйесі туралы» Кодексі;

4) ҚР ӘППК; ҚР ӘҚБтК; ҚР АК, ҚР ЕК;

5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410 Заңы;

6) ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

7) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;

8) ҚР 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 106 Заңы;

9) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» № 202 Заңы;

10) ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» № 421 Қаулысы;

11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 110 бұйрығы

12) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары;

13) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 07.04.2021 жылғы Төрағасы бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары.

14) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бекітілген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулық. Астана қ., 2025 жыл.

15 ) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-90 бұйрығы

16) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі «Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-37 бұйрығы

17) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-290/2020 бұйрығы.

18) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 110 бұйрығы

19) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы «Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-11 бұйрығы.

20) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-89 бұйрығы

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығының 25-тармағының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау құпиялылық режимін қамтамасыз етуді ескере отырып жүргізіледі талдау нәтижелерін жариялау немесе талқылау кезінде қызметтік коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия, оның ішінде Кәсіпорын оппоненттері мен жеке тұлғалардың дербес деректерін иесіздендіру қамтамасыз етілді.

 

 

СЖТІТ БАҒЫТЫ 1.

Кәсіпорын бөлімшелерінің

ұйымдастыру-басқару қызметінде

(ПҚжІАҚ)

 

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№17 Қалалық емханасы» КМК өз қызметін Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 мамырдағы № 2/293 қаулысымен бекітілген Жарғыға, медициналық қызметпен айналысуға 2023 жылғы 6 ақпандағы № 23012 лицензияға, фармацевтикалық қызметпен айналысу лицензиясына, 01.06.2023жылғы №23012541, денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысуға 2024 жылғы 29 қарашадағы № 24034133 лицензия; 2023 жылғы 31 мамырдағы № 23012445 иондаушы сәулеленуді тудыратын құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеу лицензиясына сәйкес жүзеге асырады.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№17 Қалалық емханасы» КМК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» № ҚР ДСМ-90 бұйрығына; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі «Амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» №ҚР ДСМ-37 бұйрығына сәйкес Алматы қаласының тұрғындарына консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын және амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсететін дербес мамандандырылған медициналық ұйым болып табылады.

 

1 СЖТІТ қосалқы бағыты: Персоналды басқару

Кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны 365 адам, оның ішінде 18 адам қосымша жұмыс істеу тәртібімен жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 32-бабының талаптарына сәйкес әрбір қызметкердің жеке ісінде мынадай құжаттар пакеті болады:

1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат

2) білімі туралы құжаттар, кәсіптік біліктілігін тану туралы құжат, еңбек шартын жасасу кезінде арнаулы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат, тиісті білім мен дағдыларды талап ететін жұмысқа;

3) еңбек қызметін растайтын құжат;

4) алдын ала медициналық куәландырудың аяқталғанын растайтын құжат;

5) соттылығының бар немесе жоқтығын растайтын анықтама;

6) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер;

7) ПСО анықтама.

Сонымен қатар қызметкерлердің жеке ісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттеме және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер бар.

 

2 СЖТІТ қосалқы бағыты: Мүдделер қақтығысына байланысты

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мониторинг барысында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Кәсіпорын квазимемлекеттік секторға, яғни мемлекеттің қатысуымен құрылған құрылымға жатады. Eңбек.KZ АЖ, РБҚ-2-де қамтылған ақпаратты талдау барысында Кәсіпорынның барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 68-бабының 1-тармағында белгіленген қалыпты жұмыс уақытынан аспайтын – аптасына 40 сағат жұмыс істейтіні анықталды.

 

3 СЖТІТ қосалқы бағыты: ПқжІАҚ жұмысы мен

жеке және заңды тұлғалардың

өтініштерін қарау сапасының мониторингі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы «Медициналық көмек (қызмет) сапасының ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу туралы» №ҚР ДСМ-230 бұйрығы негізінде №17 ҚЕ Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі – ПҚжІАҚ құрылған, аталған қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы тосқауыл болуы тиіс, осыған байланысты, оның жеке басқару процестерінің тазалығы № 17 ҚЕ ішкі бақылаудың бүкіл жүйесі үшін басымды маңыздылыққа ие.

№ 17 ҚЕ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптары негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен, мониторинг жүргізілу кезеңінде анықталған:

1. № 17 ҚЕ бойынша e-Otinish арқылы келіп түскен өтініштер

е-Otinish арқылы келіп түскен өтініштер саны 71% -ға артқан.

2026 жылы қарастыру мерзімі бұзылмаған, бұл орындау өтініштерді қарастыру тәртібінің жоғары деңгейін көрсетеді.

Жалпы үрдіс - e-Otinish арқылы өтініштердің өсуіне қарамастан, келесі себептермен түсіндіріледі:

            - цифрлық сервистердің кеңейтілуімен, - тұрғындардың платформаларды белсенді пайдалануымен, - қашықтықтан байланыс арналарының қолжетімділігінің артуымен. Шағымдардың емес, өтініштердің өсуі - оң динамика. Жинақтық қорытынды: e-Otinish арқылы өтініштер саны 70,6% -ға артқан. Себебі - цифрландыру және азаматтардың онлайн-форматқа өтуі. Екі жылдан бері шағымдар жоқ, бұл медициналық көмекті ұйымдастырудың жақсы сапасын көрсетеді. Барлық өтініштер кешіктірілмей пысықталды, бұл жоғары орындаушылық пен мерзімдердің бақыланатындығын растайды. Өтініштердің өсуі - жұмыстың нашарлауының көрсеткіші емес, пациенттердің мінез-құлқының өзгеруі мен сервистің танымалдығының көрінісі.

                        Қорытынды:

            1. Өтiнiштер саны төмендеген, бұл қызмет көрсету мәселелерi бойынша азаматтардың өтiнiш беру деңгейiнiң оң серпiнi мен төмендеуiн айғақтайды. Бұл ретте «е-Өтініш» платформасы арқылы жүгінулер санының өсуі байқалады, бұл тұрғындардың онлайн-арналарды цифрландырылуымен және белсенді пайдалану үрдісін көрсетеді.

            2. ӘМСҚ арқылы өтiнiштер саны 2,2 есе азайған, бұл медициналық қызмет көрсету сапасының артқанын және сақтандыру жүйесi желiсi бойынша шағымдардың төмендегенiн көрсетуi мүмкiн. Сонымен қатар ҚДСБ арқылы жүгінулер саны азайғандығы анықталған.

            3. Ауызша өтініштер «осында және қазір» қағидаты бойынша жедел шешіледі. Негізделген шағымдар тіркелмеген, бұл өтініштердің сапалы пысықталғанын растайды.

            Сонымен қатар, пациенттердің қанағаттану деңгейі жоғары және негізделген шағымдардың жоқтығы медициналық көмек көрсетудің тұрақты сапасын және сапаны бақылау және пациенттермен кері байланыс қызметінің тиімді жұмысын растайды.

Жалпы қорытынды:

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс тиімді ұйымдастырылған, шағымдар санының азаюы және пациенттердің медициналық қызметтердің сапасына жоғары қанағаттануы байқалады.

Сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ. Мониторинг барысында № 17 ҚЕ қызметкерлері ҚР Әкімшілік іс жүргізу кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Талданып отырған кезеңде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының орындалуына байланысты кәсіпорын қызметкерлерінің әрекетіне өтініш түскен жоқ. Мониторинг кезеңінде сыбайлас жемқорлық компоненттері бойынша барлығы шағымдар мен ескертулер түскен жоқ.

Ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

- өтініштерге жауап беру мерзімдерін бұзу;

- негізделген өтініші бар басқару шешімдерінің болмауы.

Қорытынды: Кәсіпорын бөлімшелерінің ұйымдық-басқару қызметінде (ПҚжІАҚ) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық факторлары анықталған жоқ.

Сонымен қатар, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бақылауды күшейту, № 17ҚЕ ПҚжІАҚ қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді.

 

 

СЖТІТ БАҒЫТЫ 2.

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүргізу кезінде

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

 

№ 17 ҚЕ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жүргізу мониторингі барысында кәсіпорында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімшесі (ары қарай АДҚЕ) құрылғаны анықталды. АДҚЕ негізгі функциялары:

В ходе мониторинга проведения лекарственного обеспечения в ГП № 17 установлено, что на предприятии создано отделение амбулаторного лекарственного обеспечение (далее – АЛО). Основные функции АЛО:

  • • Пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және МӘМС шеңберінде тұрғындардың жеңілдікті санаттарына дәрілік препараттарды беру.
  • • Дәрілік заттарды қабылдау, сақтау және есепке алу: температуралық режимді, жарамдылық мерзімін және қауіпсіздік шарттарын сақтай отырып, дұрыс сақтауды ұйымдастыру.
  • • Өтінімдерді қалыптастыру және қажеттілікті жоспарлау: тіркелген тұрғындар мен нозологияны ескере отырып, дәрілік заттарға өтінімдерді жасау.
  • • ДДҚ ұтымды пайдалануды бақылау: тағайындаулардың мониторингі, препараттардың негізсіз немесе қайталанатын тағайындалуының алдын алу.
  • • Құжаттама мен есептілікті жүргізу: есепке алу журналдары, жүкқұжаттар, есептен шығару, дәрілік заттардың шығыны мен қалдықтары бойынша есептер.
  • • Сақтау және қауіпсіздік стандарттарын сақтау: дәрілерді қауіп-қатер топтары бойынша бөлу (жоғары қауіп, атауы/түрі бойынша ұқсас және т.б.), «ТОҚТА» таңбасы.

• Медициналық персоналмен өзара іс-қимыл: тағайындаулар бойынша дәрігерлермен келісу, препараттардың болуы/болмауы туралы ақпарат беру.

• ДДҚ жарамдылық мерзімі мен сапасын бақылау: мерзімі өткен және сапасыз препараттарды уақтылы алып тастау.

         Дәрі-дәрмек құралдарына өтінімді қалыптастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-75/2021 бұйрығына сәйкес дәрі-дәрмек құралдары мен нозологиялардың бекітілген тізбесі негізінде жүзеге асырылады. Өтінім мынадай көрсеткіштерді ескере отырып, ЭФАЖ (СК-Фармация) порталының ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырылады:

• тіркелген тұрғындар саны;

• диспансерлік есепте тұрған пациенттердің саны;

• ДДҚЕ шеңберінде қамтамасыз етуге жататын нозологиялардың құрылымдары;

• өткен кезеңдердегі дәрілік заттарды нақты тұтыну;

• қоймадағы және бөлімшелердегі дәрі-дәрмек құралдарының қалдықтары;

• аурулардың маусымдылығы және эпидемиологиялық жағдай;

• диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамалары;

• терапия курстарының және пациенттерді емдеу схемаларының ұзақтығы.

Дәрі-дәрмек құралдары қажеттілігін есептеу келесі мақсатта жүзеге асырылады:

• пациенттерді емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз ету;

• дәрі-дәрмек құралдарының тапшылығын болдырмау;

• артық қалдықтарды болдырмау және препараттарды есептен шығару.

Қалыптастырылған өтінім келесі тұлғалармен міндетті түрде келісілуіне жатады:

• бөлімше меңгерушісі;

• ДДҚЕ үшін жауапты маман;

• медициналық ұйым директорының орынбасары.

Келісілгеннен кейін өтінім одан әрі қамтамасыз ету үшін уәкілетті мекемеге ЭФАЖ порталы арқылы жолданады.

Қажет болған жағдайда, есепті кезең ішінде пациенттер санының өзгеруі мен дәрі-дәрмек құралдарына қажеттілікті ескере отырып, өтінімді түзету жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы «Дәрі-дәрмек құралдарын таңбалау және бақылау және медициналық бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» №ҚР ДСМ-11 бұйрығының талаптарына сәйкес № 17 ҚЕ барлық ДДҚ Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен таңбалаудан өтеді.

Дәрі-дәрмек құралдарын АДДҚЕ есепке алу дәрілік препараттың әрбір бірлігінің жеткізушіден пациентке дейінгі қозғалысын бақылауды қамтамасыз ететін таңбалау және қадағалау жүйесінің талаптарын міндетті түрде сақтаумен жүзеге асырылады. ШЖҚ«№ 17 ҚЕ» КМК дәрі-дәрмек құралдарын есепке алу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 02.06.2023 жылғы «Дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы» № 100 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Есепке алу мынадай ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады: 1С: Дәріхана, медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ), сондай-ақ өзара және таңбалау жүйесімен интеграцияланған «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» АЖ (ДДҚАЖ).

Дәрі-дәрмек құралдарын есепке алу, сақтау және беру процестері температуралық режимді, жарамдылық мерзімдерін қатаң бақылаумен, сондай-ақ таңбалауға қойылатын талаптарды сақтаумен сүйемелденеді.

ШЖҚ «№ 17 ҚЕ» КМК дәрі-дәрмек құралдарын алу үшін пациент арналған келесі тәртіп көзделген:

1. Пациенттің № 17 ҚЕ жалпы практика дәрігеріне немесе бейінді маманға жүгінуі.

2. амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету (АДДҚЕ) шеңберінде пациентті қарауды жүргізу, диагнозды белгілеу және дәрілік терапияны тағайындау үшін айғақтарды айқындау.

3. Дәрігердің рецептіні медициналық ақпараттық жүйеде (МАЖ) ресімдеп, кейіннен «Дәрілік қамтамасыз ету» АЖ (ДДҚЕАЖ) тіркей отырып, дәрілік заттарды тағайындауы.

4. Жүйеде тағайындалған дәрі-дәрмек құралдарының болуын және олардың тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз ету тізбесіне сәйкестігін тексеру.

5. Пациенттің медициналық ұйымның дәріхана пунктіне баруы.

6. Фармацевтикалық қызметкер дәрі-дәрмек құралдарын келесі құжаттарды ұсынғанда беруі:

  1. oжеке басын куәландыратын құжат (қажет болған жағдайда);
  2. oо рецепт (электрондық немесе қағаз түрінде).

7. Фармацевтикалық қызметкердің дәрі-дәрмек құралының мақсатын, жарамдылық мерзімін, орамасы мен таңбалануының бүтіндігін тексеруі.

8. Дәрі-дәрмек құралын берілуін есепке алу ақпараттық жүйелерінде (1С: дәріхана, МАЖ, ДДҚАЖ) пациенттің алу фактісін тіркей отырып тіркеу.

9. Дәрі-дәрмек құралын қолдану ережелері, сақтау шарттары және ықтимал жанама әсерлері туралы пациентті хабардар ету.

Тегін дәрі-дәрмек құралдары келесі жағдайларда беріледі:

1. Пациентте тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) және/немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) шеңберінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын аурулар тізбесіне енгізілген ауру болған кезде.

2. «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» АЖ (ДДҚАЖ) тіркеумен медициналық ақпараттық жүйеде белгіленген тәртіппен ресімделген дәрігердің медициналық айғақтары мен тағайындаулары болған кезде.

3. Тағайындалған дәрі-дәрмек құралы тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз етуге жататын дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық бұйымдардың бекітілген тізбелеріне сәйкес келген кезде.

4. Пациентті аталған медициналық ұйымға тіркеу кезінде.

5. Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ресімделген рецепт (электрондық немесе қағаз түрінде) болған кезде.

6. Пациент медициналық ұйымның дәріхана пунктіне рецептінің белгіленген мерзімінде жүгінген кезде.

7. Дәріхана пунктінде дәрі-дәрмек құралы болған кезде не кейіннен оны кейінге қалдырылған беру тәртібімен қамтамасыз еткен кезде.

Жұмыс тобы Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 17 Қалалық емхана» КМК формулярлық комиссиясы туралы ішкі Ережені 05.01.2023 жылы әзірлеген күнімен ұсынды. 2023 жылдан бастап ҚР заңнамасында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реттейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, осыған байланысты № 17 ҚЕ қатысты құқықтық құжатын қолданыстағы заңдарға сәйкестікке келтіруі қажет.

Аталған факт келесі Бағыттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі тұрғысынан қаралды: Құқықтық актілер және ішкі құжаттар; Кіші бағыт: Құқықтық бос орын - ішкі құжатта қолданыстағы құқық нормаларының болмауы – «Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 17 Қалалық емхана» КМК формулярлық комиссиясы туралы Ереже». Аталған тәуекелдің әсері:

Балл – 2;

Әсер ету дәрежесі – орташа;

Салдардың жалпы сипаттамасы: тәуекелді іске асырудан болатын салдарлар елеулі емес және толық түзетілуі тиіс;

Комплаенс/талаптарды сақтау: айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының және басқа да қаржылық бұзушылықтардың туындауына әкеп соғуы мүмкін тұрақты талаптарды бірнеше рет бұзу. Талдау объектісінің қызметкерлерінен айыппұлдарды өндіріп алу.

Анықталған сыбайлас жемқорлық қатерін толығымен жою бойынша шаралар: комплаенс-офицер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы ҚР қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кәсіпорынның қызметін реттейтін «Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№ 17 Қалалық емхана» КМК формулярлық комиссиясы туралы Ереже» сәйкестікке келтірсін.

 

СЖТІТ БАҒЫТЫ 3.

Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

 

№ 17 ҚЕ мемлекеттік сатып алу мониторингі барысында жұмыс тобы мемлекеттік сатып алу ҚР 2024 жылғы 1 шілдедегі «Мемлекеттік сатып алу туралы» № 106 Заңының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» талаптарына сәйкес жүзеге асырылатынын анықтады;

№ 17 ҚЕ мемлекеттік сатып алу ашықтық пен бәсекелестікті қамтамасыз ете отырып, goszakup.gov.kz веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады. Процесске жоспарлау, тәсілді таңдау (конкурс, баға ұсыныстары, аукцион, бір көзден), жеткізушілердің ЭЦҚ өтінім беруі, жеңімпазды ең төмен баға немесе өлшемдер бойынша айқындау және келісім-шарт жасасу кіреді.

№ 17 ҚЕ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі кезеңдері мен тәсілдері:

  • • Жоспарлау: № 17 ҚЕ порталда жарияланатын жылдық жоспарды қалыптастырады және бекітеді.
  • • Сатып алу тәсілдері:

- Баға ұсыныстарын сұрату.

- Конкурс (ашық, алдын ала қарсылықпен).

- Бір көзден.

- Электронды дүкен: 4000 АЕК дейінгі тауарларды сатып алу үшін.

  • • Келісім-шарт жасасу: Жеңімпаз анықталғаннан кейін келісім-шарт автоматты түрде порталда электрондық түрде жасалады.

Төменде мемлекеттік сатып алу порталында жасалған келісім-шарттардың саны бойынша ақпарат берілген:

2025 ж 4 тоқсанында жасалған келісім-шарттардың саны.

Сатып алу әдістері

Ашық конкурс

БҰС

Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден

Келісім-шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден

Электронды дүкен

1.

2693

3

115

56

23

69

 

Төменде мемлекеттік сатып алу порталындағы келісім-шарттар бойынша ақпарат берілген:

2026 ж. 1 тоқсанында жасалған келісім-шарттардың саны.

Сатып алу әдістері

Ашық конкурс

БҰС

Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден

Келісім-шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден

Электронды дүкен

1.

2693

9

65

41

29

119

 

 

Жұмыс тобы талданып отырған кезеңде Алматы қаласы ІМАД, сондай-ақ өзге де бақылаушы органдар тарапынан №17 ҚЕ мемлекеттік сатып алу веб-порталындағы жұмыс мәселелері бойынша ескертулер келіп түспегендігін анықтады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді талдау кезінде: № 17 ҚЕ «Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия туралы» Ережесі; «Конкурстық комиссия туралы» Ережесі; «Тендерлік комиссия туралы» Ережесі; аталған ережелерде күші жойылған ҚР НҚА сілтемелері бар, осыған байланысты аталған актілерді ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес қайта шығару қажет.

Аталған факт келесі Бағыттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі тұрғысынан қаралды: Құқықтық актілер және ішкі құжаттар; Кіші бағыт: Құқықтық бос орын - мемлекеттік сатып алуды реттейтін № 17 ҚЕ ішкі құжаттарында қолданыстағы құқық нормаларының болмауы. Осы тәуекелдің әсері:

Балл - 2;

Ықпал ету дәрежесі - орташа;

Салдардың жалпы сипаттамасы: тәуекелді іске асырудан болатын салдарлар елеулі емес және толық түзетілуі тиіс;

Комплаенс/талаптарды сақтау: айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының және басқа да қаржылық бұзушылықтардың туындауына әкеп соғуы мүмкін тұрақты талаптарды бірнеше рет бұзу. Талдау объектісінің қызметкерлерінен айыппұлдарды өндіріп алу.

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін толық жою бойынша шаралар: комплаенс-офицер ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес № 17 ҚЕ «Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссия туралы» Ережесін, «Конкурстық комиссия туралы» Ережесін; «Кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметін реттейтін тендерлік комиссия туралы» Ережесін сәйкестікке келтірсін;

 

Жұмыс тобы мүшелерінің қолы:

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі, директордың ЭМ және ӘШБ жөніндегі орынбасары

 

 

 

 

Ж.А.Мелдебекова

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:

Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Ш.Ж. Тажибаева

 

 

Бас бухгалтер

 

 

Б.К. Таскинбаева

 

 

Заңгер

 

 

Н.В. Филимонова

 

 

Кадр бөлімінің аға инспекторы

 

 

А.Е. Абдибаева

 

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман

 

 

С.К. Рахымбердиева

 

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман

 

 

Е.Т. Абильдаев

 

 

АДДҚ басшысы

 

 

М. Юсупова

 

 

Комплаенс-офицер

Жұмыс тобының хатшысы

 

 

Н.А. Семейская

 

 

 

 

      

 

 

       АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАНЫҢ МАЗМҰНЫМЕН «ТАНЫСТЫМ»

 

Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК

директоры

 

_________ А.Е. Тәжиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы Қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің

ішкі талдау нәтижесі туралы

аналитикалық анықтамаға

1 Қосымша

 

Кәсіпорынның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық

тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы ықтимал лауазымдардың ТІЗІМІ

 

 

N\n

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы ықтимал лауазым

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырауы ықтимал лауазымдық өкілеттілік

Сыбайлас

жемқорлық тәуекелдері

1

Директор

Кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру

Шешім қабылдау және ұйымдастыру-басқару функцияларын жүзеге асыру құқығы

2

Директордың ЭМ және ӘШБ жөніндегі орынбасары

Кәсіпорынның, ЭМ және ӘШБ бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру

Кәсіпорындағы қаржылық тәртіп аясында

3.

Директордың МҚСБ жөніндегі орынбасары

Кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшелердің медициналық қызметтер көрсету жөніндегі қызметін ұйымдастыру

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында

4

Бас бухгалтер

Қаржылық және бюджеттік рәсімдердің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету. Қаржылық есептілікті, Даму жоспарын және Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есептерді орналастыру

Ақпаратты бұрмалау (құжаттарды бұрмалау) немесе Бірыңғай ақпараттық жүйенің ресми сайтына мәліметті орналастыру кезінде деректерді қате енгізу мүмкіндігі.

Бюджет қаражатын мақсатсыз және/немесе тиімсіз пайдалану, бухгалтерлік есепте, сондай-ақ Кәсіпорынның салық есептілігінде операцияларды дұрыс көрсетпеу мүмкіндігі.

5

Кадр бөлімінің маманы

Кадрларды іріктеу

Еңбек келісім-шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесінде көзделмеген құжаттардың талаптарынан көрінетін бұзушылықтар;

- маман сертификаты жоқ кандидатты жұмысқа қабылдау;

- маман сертификатының қолданылу мерзімі аяқталған қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру.

- біліктілігін арттыру мерзімі аяқталған қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру.

6

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман

Дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алуды/сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. МСА жоспарын Кәсіпорынның сайтында орналастыру

Ақпаратты бұрмалау (құжаттарды бұрмалау) мүмкіндігі немесе Бірыңғай ақпараттық жүйенің ресми сайтына орналастыру кезінде деректерді қате енгізу мүмкіндігі. Бәсекелестікті жоспарлау, шектеу мүмкіндігі (техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «түзету»). Наразылық жұмысы, талап қою жұмысы бойынша әрекетсіздік және шара қолданбау мүмкіндігі

7

Комплаенс қызмет маманы

М үдделер қақтығысы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау кезінде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау

Өткізілген СЖТІТ нәтижелері туралы ақпаратты жариялылық ашылуын қамтамасыз етпеу мүмкіндігі

8

Бөлімше меңгерушілері, дәрігерлер

Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсету аясында

9

Амбулаториялық

дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету меңгерушісі

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, беру, ДДҚ есепке алу, есептен шығару

Мүмкіндігі: ДДҚ тиісінше есепке алмау, есептен шығару, беру

 

 

 

 

 

 

 

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms