Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК (мұнан әрі - Кәсіпорын) Директорының 2026 жылғы 19 наурыздағы № 08 бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 08 сәуірі және 30 сәуірі аралығында келесі бағыттар бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды.
Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін келесі бағыттар бойынша талқылауға шығарады:
- Кәсіпорын бойынша мемлекеттік сатып алуды іске асыру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді іске асыру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі (ПҚжІАҚ)) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоспарланған шаралар бойынша ұсыныстар мен пікірлер 30.04.2026 жылға дейін mail@gp17.kz электронды поштасы бойынша және 050060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Басенов көшесі, 2 мекен-жайы бойынша, тел.: 8 (701) 3232-806 қабылданады.
