Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК (ары қарай – Кәсіпорын) Директордың №08 2026 жылдың 20 наурызындағы бұйрығына сәйкес 2026 жылдың 08 сәуірі және 08 мамыры аралығында келесі бағыттар бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды:
- Кәсіпорын бойынша мемлекеттік сатып алуды іске асыру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді іске асыру барысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқару қызметіндегі (пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит бөлімі (СППиВА)) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоспарланған шаралар бойынша ұсыныстар мен пікірлер 08.04.2026 жылға дейін mail@gp17.kz электронды поштасы бойынша және 050060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Басенов көшесі, 2 мекен-жайы бойынша, тел.: 8 (701) 3232-806 қабылданады.
