Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК (ары қарай – Кәсіпорын) Директордың 2025 жылдың 09 маусымындағы № 18 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 24 маусымы және 24 шілдесі аралығындағы кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жариялылық талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды
Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері келесі бағыттар бойынша талқылауға ұсынады:
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын анықтау;
- Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұйымдастырушылық-басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын анықтау.
Жоспарланған шаралар бойынша ұсыныстар мен пікірлер 20.07.2025 жылға дейін mail@gp17.kz электронды поштасы бойынша және 050060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Басенов көшесі, 2 мекен-жайы бойынша, тел.: 8 (701) 3232-806 қабылданады.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты
нормативтік құқықтық актілердегі және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұйымдастырушылық-басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын анықтау нәтижелері бойынша
ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу объектісінің атауы: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК (ары қарай – Кәсіпорын) кадр бөлімінің қызметі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі:
- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410 Заңының 8-бабының 5-тармағы,
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығы,
- Кәсіпорын директорының 2025 жылдың 09 маусымындағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» № 18 бұйрығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті тұлға - Семейская Н.А. - комплаенс-офицер.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын және Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұйымдастырушылық-басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын анықтау үшін СЖТІТ талдауын жүргізу үшін уәкілетті тұлғаға негізгі ақпараттарын жинауға және ұсынуға тағайындалған жауапты тұлғалар:
Мелдебекова Ж.А. – Жұмыс тобының жетекшісі, директордың экономикалық мәселелер және ӘШБ жөніндегі орынбасары;
Жұмыс тобының мүшелері:
Таскинбаева Б.К. – бас бухгалтер;
Филимонова Н.В. – заңгер;
Абдибаева А.Е. – кадр бөлімінің аға инспекторы;
Семейская Н.А. – комплаенс-офицер, Жұмыс тобының хатшысы
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап 2025 жылғы 24 маусымға дейін.
Өткізу мерзімі - 2025 жылғы 24 маусым мен 24 шілде аралығында.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде келесі заңнама басшылыққа алынды:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) ҚР Кәсіпкерлік кодексі;
3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410 Заңы;
4) ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;
5) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары;
7) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 07.04.2021 жылғы Төрағасы бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдары.
8) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі; ҚР ӘҚБтК; ҚР ҚК;
9) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2015 жылғы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» № 1193 қаулысы;
10) ҚР ДСжӘҚМ 30.11.2015 жылғы «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» № 908 бұйрығы;
11) ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бекітілген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 үлгілік базалық бағытының жобаларын орындау жөніндегі нұсқаулық. Астана қ., 2025 жыл.
12) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілері.
СЖТІТ БАҒЫТЫ 1.
Құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қатысты
нормативтік құқықтық актілерде, атап айтқанда
Кәсіпорындағы еңбек қатынастары саласындағы кадрлар бөлімінде
және еңбекақы төлеу саласындағы бухгалтерияда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау процесінде ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкестігі, дискрециялық нормалардың болуы тұрғысынан алғандағы Кәсіпорынның келесі негізгі нормативтік құқықтық актілері зерделенді және талданды:
Еңбекақы төлеу саласында:
- 05.01.2023 жылғы бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Ережесі;
- 05.01.2023 жылғы бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК қызметкерлеріне дифференциялық қосымша ақы және сыйақы түрінде ынталандыру бойынша комиссия туралы» Ережесі;
- 05.01.2023 жылғы бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК қызметкерлеріне ЖБШЫК, дифференциялық қосымша ақы және сыйақы түрінде ынталандыру жөніндегі жүйесі туралы» Ережесі;
Кәсіпорынның еңбек қатынасы саласында:
- 05.01.2023 жылғы бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК келісімдік комиссиясы туралы» Ережесі;
- 28.12.2021 жылғы бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК Кадр жөніндегі кеңесі туралы» Ережесі;
- 05.01.2023 жылғы бұйрығымен бекітілген «Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК қызметкерлерінің өзара қарым-қатынасы және кәсіби әрекеттерінің ережелері, этикалық нормаларды сақтау жөніндегі этикалық комиссия туралы» Ережесі.
Кәсіпорынның НҚА сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау барысында анықталды:
- жергілікті актілердің 100% Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзекті сілтемелер бар;
- Кәсіпорынның барлық НҚА өкілеттілікктерді теріс пайдалануға қолайлы жағдай жасайтын нормалар жоқ;
- талданатын НҚА лауазымды тұлғаларға өз қалауы бойынша әрекет етуге мүмкіндік беретін дискрециялық нормалар жоқ;
- аталған НҚА Кәсіпорынның mail@gp17.kz сайытында орналастырылған;
- Кәсіпорынның барлық қызметкерлері аталған НҚА таныстырылған.
Қорытынды: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында Кәсіпорынның НҚА сыбайлас жемқорлық факторлары анықталған жоқ.
Сонымен қатар, НҚА талдау барысында қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуге кіретін квазимемлекеттік сектор субъектісі ретінде Кәсіпорында қызметкерлердің мүдделі тұлғалардан сыйлықтар алуының процестік мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актінің жоқтығы анықталды. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабының 4-тармақшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлға - лауазымдық міндеттері мемлекеттік қызметтер көрсетумен байланысты не жеке тұлғалардың дербес деректеріне және (немесе) қолжетімділігі шектелген өзге де ақпаратқа рұқсаты бар тұлға.
Аталған факт Бағыттағы сыбайлас жемқорлық тәуекелі тұрғысынан қаралды: Құқықтық актілер және ішкі құжаттар; Кіші бағыт: Құқықтық бос орын - құқықтық актіде немесе ішкі құжатта қандай да бір мәселені құқықтық реттеудің болмауы: - «талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін ережелердің болмауы, бұл олардың сипатының декларативтілігіне және іс жүзінде қолданудың мүмкін еместігіне әкеп соғады».
Аталған тәуекелдің әсері:
Балл – 3;
Әсер ету дәрежесі – елеулі;
Салдардың жалпы сипаттамасы: тәуекелді іске асырудан болатын салдарлар елеулі, бірақ толық түзетілуі мүмкін;
Комплаенс/талаптарды сақтау: айыппұлдардың, өсімпұлдардың, тұрақсыздық айыптарының және басқа да қаржылық бұзушылықтардың туындауына әкеп соғуы мүмкін тұрақты талаптарды бірнеше рет бұзу. Талдау объектісінің қызметкерлерінен айыппұлдарды өндіріп алу.
Анықталған сыбайлас жемқорлық қатерін толығымен жою бойынша шаралар: комплаенс-офицер Кәсіпорынның қызметкерлерін сыйлықтарды алғаны үшін және сыйлықтармен қолдану тәртібі бойынша жауапкершілігі түсінігін реттейтін «Алматы қаласы ҚДСБ ШЖҚ «№ 17 Қалалық емхана» КМК сыйлықтары туралы» Ережені әзірлесін, бекітсін және таныстырсын.
СЖТІТ БАҒЫТЫ 2.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің,
атап айтқанда кадрлар бөлімінің ұйымдық-басқару
қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Қосымша бағыт: Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Мүдделер қақтығысы - адамның жеке мүдделілігі оның лауазымдық (қызметтік міндеттерін) міндеттерін тиісінше атқаруына әсер етуі мүмкін жағдай. Аталған жағдай азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiне зиян келтiруге әкеп соғуы мүмкiн.
Кәсіпорын квазимемлекеттік секторға, яғни мемлекеттің қатысуымен құрылған құрылымға жатады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау жүргізу барысында Кәсіпорында ерлі-зайыптылардың жұмыс істейтіндігі анықталды: Зәкен Медет Тоқтарұлы - ҚДҚ бөлімінің басшысы және Еркін Назым Лухманқызы - Педиатрия бөлімшесі медбикесінің міндетін атқарушы.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 бабы 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.
Бұл ретте, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 1-бабының 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдарға жатады:
- мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын тұлға;
- мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешім қабылдауға уәкілетті тұлға.
Өз кезегінде, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 1-бабының 1), 2-1) және 14) тармақшаларына сәйкес:
мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын атқаратын адам - аталған ұйымдарда тұрақты, уақытша не арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастыру-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адам; ұйымдастыру-өкімдік функциялар - бұл Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен қызметіне бағынысты адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдер шығару, сондай-ақ бағыныстыларға қатысты көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазалар қолдану құқығы; әкімшілік-шаруашылық функциялар - бұл Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен берілген ұйымның балансындағы мүлікті басқару және оған билік ету құқығы.
Заңның жоғарыда баяндалған нормаларын ескере отырып, квазимемлекеттік сектор субъектісінде, әдетте, директор, бас бухгалтер, сондай-ақ белгіленген тәртіппен жоғарыда көрсетілген функциялар жүктелген өзге де тұлғалар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға теңестірілген тұлғалар болып табылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген шектеу бір Кәсіпорында ерлі-зайыптыларға немесе жақын туыстарына немесе жекжаттарына жұмыс істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады дегенді білдірмейді.
Көрсетілген норманың тікелей мағынасын негізге ала отырып, Кәсіпорынның директоры немесе бас бухгалтеры өздерінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ тікелей бағынысында жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары бола алмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша көрсетілген туыстық жағдайлар әртүрлі бөлімшелерде жұмыс істейтіндіктен, тікелей бағыныстылығы жоқ болғандықтан, бұдан басқа, олардың басқару функциялары жоқтығы ескерілді.
Сондықтан, Кәсіпорында мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын келесі лауазымдар айқындалды: директор, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, бас бухгалтер; директордың орынбасарлары; кадрлар бөлімінің маманы, бөлімше меңгерушілері, дәрігерлер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, комплаенс-офицер (Талдамалық анықтамаға 1-қосымша).
Қосымша бағыт: Персоналды басқару
Персоналды басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке кадр істерінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттеме мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің жоқтығы анықталды.
Аталған фактілер Бағыттардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан қаралды:
Құқықтық актілер және ішкі құжаттар;
Қосымша бағыт: Құқықтық бос орын - құқықтық актіде немесе ішкі құжатта қандай да бір мәселені құқықтық реттеудің болмауы: - «талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін ережелердің болмауы, бұл олардың сипатының декларативтілігіне және практикалық қолданудың мүмкін болмауына әкеп соғады»;
Қосымша бағыт: әкімшілік рәсімнің жүргізілу барысына азаматтың немесе ұйымның ықпал етуін қамтамасыз ететін процессуальдық тәртіп жоқ.
Аталған тәуекелдің әсері:
Балл – 2;
Әсер ету дәрежесі – көрнекі;
Салдардың жалпы сипаттамасы: тәуекелді жүзеге асырудан болатын салдарлар елеусіз.
Комплаенс/талаптарды сақтау: реттеуші талаптардың төменгі деңгейде бұзылуы. Кәсіпорын қызметкерлерінен айыппұлдарды өндіріп алу мүмкіндігі туралы ескерту, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыптарын өндіріп алу мүмкіндігі туралы ескертулер алу және талдау объектісіне қатысты басқа да қаржылық бұзушылықтарды анықталуын ескерту.
Анықталған сыбайлас жемқорлық қатерлерiн толық жою жөнiндегi шаралар: комплаенс-офицер Кәсiпорынның барлық қызметкерлерiн Кәсiпорын қызметкерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiндеттемесi мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерiн жеке кадр iстерiнде сақтаумен таныстырылсын және оларға қол қойылсын.
Жұмыс тобының жетекшісі |
_________________ |
Ж.А.Мелдебекова |
Жұмыс тобының мүшелері:
|
_________________ |
Б.К.Таскинбаева |
|
_________________ |
Н.В. Филимонова |
|
_________________ |
А.Е.Абдибаева |
Жұмыс тобының хатшысы, комплаенс-офицер |
_________________ |
Н.А. Семейская |
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМАНЫҢ МАЗМҰНЫМЕН «ТАНЫСТЫМ»
Алматы қ. ҚДСБ ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК
Директоры
_________ А.Е. Тәжиева
Алматы қаласы
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының
ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК
сыбайлыс жемқорлық тәуекелінің ішкі талдау нәтижелері туралы
Талдау анықтамасына
№1 Қосымша
Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жүргізілген
ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшырайтын лауазымдардың
ТІЗІМІ
N\n |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне ұшырайтын лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктері
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
1 |
Директор |
Кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру |
Шешім қабылдау және ұйымдастыру-басқару функцияларын жүзеге асыру құқығы |
2 |
Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары |
Кәсіпорынның, құрылымдық бөлімшелердің емдеу ісі жөніндегі қызметін ұйымдастыру |
Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде |
3. |
Директордың МҚСБ ісі жөніндегі орынбасары |
Кәсіпорынның, медициналық қызметтер көрсету жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру |
Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде |
4 |
Бас бухгалтер |
Қаржылық және бюджеттік рәсімдердің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету. Қаржылық есептілікті, Даму жоспарын орналастыру және Даму жоспарының орындалуы жөніндегі есеп беру |
Ақпаратты бұрмалау (құжаттарды бұрмалау) немесе Бірыңғай ақпараттық жүйенің ресми сайтына орналастыру кезінде деректерді қате енгізу мүмкіндігі. Бюджет қаражатын мақсатсыз және/немесе тиімсіз пайдалану, бухгалтерлік есепте, соымен қатар Кәсіпорынның салық есептілігінде операцияларды дұрыс көрсетпеу мүмкіндігі. |
5 |
Кадр бөлімінің маманы |
Кадр таңдау |
Еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесінде көзделмеген құжаттардың талаптарынан көрінетін бұзушылықтар; мамандығы бойынша сертификаты жоқ кандидатты жұмысқа қабылдау; - мамандығы бойынша сертификатының қолданылу мерзімі аяқталған қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру. - біліктілігін арттыру мерзімі аяқталған қызметкермен еңбек қатынастарын жалғастыру. |
6 |
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман |
Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттік сатып алуды/сатып алуды ұйымдастыру және өткізу. МСА жоспарын Кәсіпорынның сайтында орналастыру |
Ақпаратты бұрмалау (құжаттарды бұрмалау) мүмкіндігі немесе Бірыңғай ақпараттық жүйенің ресми сайтына орналастыру кезінде деректерді қате енгізу, Бәсекелестікті жоспарлау, шектеу мүмкіндігі (техникалық ерекшеліктер мен біліктілік талаптарын «түзету»). Наразылық жұмысы, талап қою жұмысы бойынша әрекетсіздік таныту және шара қолданбау мүмкіндігі |
7 |
Комплаенс қызмет маманы |
Мүдделер қақтығысы |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау кезінде мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау |
Өткізілген СЖТІТ нәтижелері туралы ақпаратты жариялануын қамтамасыз етпеу мүмкіндігі |
||
8 |
Бөлімше меңгерушілері, дәрігерлер |
Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету |
Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде |