Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№17 Қалалық емхана» КМК (ары қарай – Кәсіпорын) Директордың № 18 2025 жылдың 09 маусымындағы бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 24 маусымы және 24 шілдесі аралығында келесі бағыттар бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіндігін хабарлайды:
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын анықтау;
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне қатысты ұйымдастырушылық-басқарудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің орын алуын анықтау.
Жоспарланған шаралар бойынша ұсыныстар мен пікірлер 20.06.2025 жылға дейін mail@gp17.kz электронды поштасы бойынша және 050060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Басенов көшесі, 2 мекен-жайы бойынша, тел.: 8 (701) 3232-806 қабылданады.