Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Пациенттер үшін

Поиск по сайту

Ауруханаға жатқызу бюросы порталы - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі.

Тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі стационарға емдеуге жатқызу үшін айғақтар болып табылады.
ТМККК шеңберінде пациентті стационарға жатқызу:

1) жоспарлы тәртіппен - бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша;

2) шұғыл көрсеткіштер бойынша - жолдаманың болуына қарамастан.

Жоспарлы стационарлық медициналық көмек алуға стационардың қабылдау бөлімшесінде пациенттерді қабылдау және тіркеу өтініш берген сәттен бастап 30 минут ішінде жұмыс уақытында, шұғыл медициналық көмек тәулік бойы жүзеге асырылады.

 


Жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру.

 

Жолдаманы Порталда тіркеумен жоспарлы емдеуге жатқызу жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланып отырған күнін:
      1) БМСК немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационар маманының белгілеуімен;
      2) БСМК немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша автоматты түрде белгіленумен;
      3) пациенттер өз бетімен қаралған кезінде және стационар басшысы пациентті осы стационарға емдеуге жатқызу туралы шешім қабылдаған жағдайда стационардың қабылдау бөлмесі маманының белгілеуімен жүзеге асырылады.

Пациент стационарды, оның ішінде республикалық деңгейдегі медициналық ұйымды (бұдан әрі – республикалық клиника) таңдаған кезде БСМК маманы пациентке тиісті бейін бойынша бос төсектің бар-жоғы туралы ақпарат ұсынады.
      Пациент таңдаған стационарда тиісті бейін бойынша бос төсектер болмаған немесе бастапқы таңдалған стационардан бас тартқан жағдайда пациентке емдеуге жатқызу күнін таңдау мүмкіндігімен таңдалған стационардың баламасы ұсынылады.
      БСМК маманы пациентті таңдалған стационарға емдеуге жатқызылу күні және белгіленген емдеуге жатқызу күнінде міндетті түрде келу қажеттігі туралы хабардар етеді.
      Пациенттің дәлелді себептер бойынша (ауа райы жағдайы, емдеуге жатқызу күнімен теміржол, авто- және авиа көлік кестенің үйлеспеу, жол жүру билеттердің болмауы, отбасылық жағдай (жерлеу, жақын туысының ауруы) белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күніне келу мүмкіндігі болмаған жағдайда пациент бұл туралы БСМК ұйымын, медициналық ұйымды немесе стационарды хабардар етеді. Стационар емдеуге жатқызу күнін бір тәуліктен аспайтын мерзімге ауыстырады.

 

БСМК-тың немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационардың маманы жоспарлы емделуге жатқызу күнін белгілеген кезде:
 

БСМК-тың немесе медициналық ұйымның маманы жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы нысан бойынша Порталда орналасқан жолдаманы тіркейді
 

күн сайын стационардың маманы осы стационарға емдеуге жатқызуға жіберілген пациенттердің тізімін қарап шығады, бейіндері бойынша бос төсектер туралы мәліметтерді қалыптастырады және сағат 9.30-ға дейін оларды нысан бойынша Порталда орналасқан Бос төсектерді есепке алу парағына енгізеді. Жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін жауапты маман Порталда жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы тіркеген күннен бастап 2 жұмыс күнінің ішінде айқындайды;
 

пациент жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген күніне сәйкес емдеуге жатқызылады; 

 

Пациентке мамандандырылған көмек (бұдан әрі – ММК) немесе ЖММК көрсету үшін медициналық айғақтар болған жағдайда БСМК маманы бөлімше меңгерушісімен не БСМК бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп ЖММК комиссиясының қарауына пациент құжаттарының пакетін (бұдан әрі - құжаттар пакеті) жібереді.
ММК немесе ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылданған жағдайда ЖММК комиссиясы жолдаманы Порталда тіркейді және басып шығарылған Жоспарлы емдеуге жатқызу коды бар Стационарға емдеуге жатқызуға арналған жолдамамен құжаттар пакетін жіберген БСМК-қа береді.
БСМК ұйымы ММК немесе ЖММК көрсетуге арналған жолдаманы алғаннан кейін пациентті республикалық клиникаға жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған жолдаманың күні туралы хабарлайды. 

Науқас стационарда болған жағдайда, емдеуші дәрігер бөлімше меңгерушісімен немесе осы стационардың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен бірлесіп пациентке республикалық клиникада ММК немесе ЖММК көрсету үшін медициналық айғақтар болған жағдайда факсимильдік байланыспен ЖММК комиссиясының қарауына стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді жібереді.

Стационардағы пациентке ММК немесе ЖММК көрсету туралы оң шешім қабылданған жағдайда ЖММК комиссиясы жолдаманы Порталда тіркейді және электрондық немесе факсимильдік байланыспен пациент жатқан стационарға автоматты қалыптастырылған емдеуге жатқызу коды бар ЖММК көрсету үшін Стационарға емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы жібереді
Пациентке ЖММК көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда ЖММК комиссиясы дәлелді бас тартуды қоса бере отырып құжаттар пакетін жіберген БСМК ұйымына немесе стационарға қайтарады.
 

Жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін БСМК-тың немесе медициналық ұйымның маманы:
      гинекологиялық (экстракорпоральдық ұрықтандыруға жолдама беруден басқа) бейінге арналған жолдаманы қоспағанда, босандыру ұйымдарына;
      балалар медициналық ұйымдарына;
      ағзаларды транспланттауды іске асыратын медициналық ұйымдардың бөлімшелері;
      инфекциялық, психиатриялық ауруханаларға, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы күрес, наркологиялық, тері-венерологиялық, онкологиялық диспансерлерге;
      аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектілеріне;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған госпитальдерге;
      республикалық маңызы бар және кіру жүйесі бар санаторийлерге;
      оңалту орталықтарына;
      хоспистерге, мейіргерлік күтім ауруханаларына;
      көпбейінді стационарлардағы төсектердің мынадай: гематологиялық, онкогематологиялық, инфекциялық, психиатриялық, психоневрологиялық, туберкулезге қарсы, наркологиялық, тері-венерологиялық, онкологиялық, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім, балалар және босандыру бейіндеріне жіберген жағдайда стационардың маманы айқындайды
.
 

БСМК-тың немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша
жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күнін автоматты айқындаумен жоспарлы емдеуге жатқызуға жіберу
:
 

БСМК-тың немесе медициналық ұйымның маманы жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы тіркейді, Порталда автоматты белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күні туралы ақпаратты ұсынады.

БСМК-тың немесе медициналық ұйымның маманы пациентке құрамында пациент туралы мәліметтер, Жоспарлы емдеуге жатқызу коды мен Порталда автоматты белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызудың жоспарланған күні бар Стационарға емдеуге жатқызуға арналған жолдаманы береді.

Егер пациент Порталда автоматты белгіленген емдеуге жатқызу күнінен бас тартса, БСМК-тың емдеуші дәрігері оған емдеуге жатқызудың кейінгі уақытын немесе ерте емдеуге жатқызу мүмкіндігі қарастырылатын басқа стационарды таңдауды ұсынады.
 

Стационарда емдеудегі пациентті басқа стационарға ауыстыруға медициналық айғақтар болған жағдайда емдеуші дәрігер бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарымен келісім бойынша жолдаманы Порталда тіркеуді жүзеге асырады.
 

Пациент жоспарлы емдеуге жатқызудың белгіленген мерзіміне сәйкес стационарға емдеуге жатқызуға арналған жолдамада көрсетілген стационарға емдеуге жатқызылады.

Пациент жоспарлы емдеуге жатқызуға уақтылы мерзімде келмеген жағдайда стационар аталған төсекке шұғыл медициналық көмек көрсету үшін емдеуге жатқызылатын пациентті немесе емдеуге жатқызудың орташа мерзімінен аса жатқан пациентті орналастырады.

 

Шұғыл емдеуге жатқызу тәртібі

 

 Шұғыл жағдайларда пациент денсаулық сақтау ұйымының қабылдау бөлімшесіне жедел медициналық көмек станцияларының (бөлімшелердің) бригадасымен, БСМК жанындағы ЖМК бөлімшесінің бригадасымен, басқа денсаулық сақтау ұйымдарынан санитариялық авиацияның мобильді бригадасымен немесе өз бетінше жүгінген жағдайларда жеткізіледі. Жекелеген жағдайларда пациенттерді азаматтар немесе ішкі істер органдарының қызметкерлері денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізеді.
 

Стационардың қабылдау бөлімінде шұғыл емделуге жатқызу кезінде 1 кезеңге түсетін пациенттердің шартты бөлінуі жауапты (кезекші) дәрігермен жүргізіледі.

бірінші кезең – басымдылықтың жоғары деңгейіндегі пациентттер, интенсивті терапия, оталық, шок барлық түрлері, коматоздық жағдай, жүрек-қантамыр, өкпе, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігінің барлық жағдайларымен; коматоздық жағдай, жүрек-қантамыр, өкпе, бүйрек, бауыр жеткіліксіздігінің барлық жағдайларымен

екінші кезең – басымдылықтың бірінші кезеңдік пациенттері жіті хирургиялық, урологиялық, травматологиялық, гинекологиялық, неврологиялық және гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық аурулармен стационарлық емделуге мұқтаж, алайда олардың жалпы жағдайы стационарлық жағдайда диагнозды анықтау және емдеу үшін қабылдау бөлімінде емдеу диагностикалық шараларды жүргізуге болатын науқастар;

үшінші кезең – басымдылықтың екінші деңгейімен, диагнозын анықтағанға дейін осыдан былайғы амбулаторлық емдеуге жолдаумен қабылдау бөлімінде емдеу-диагностикалық өткізуді талап ететін пациенттер.

 

Жедел жәрдем бөлімшелерінің (станцияларының) диспетчері жоғары дәрежелі науқастарды тасымалдау кезінде (1 ағын) жедел жәрдем қызметкерлері ауруханаға келгенге дейін 10 минут бұрын рация немесе телефон арқылы мән-жайларды міндетті түрде көрсете отырып хабарлайды: ауру немесе жарақат, гемодинамикалық көрсеткіштер, неврологиялық жағдай, қан кетудің болуы, ашық жаралар, тыныс алу параметрлері, қажет болған жағдайда электрокардиограмма деректері, алкогольдік немесе есірткілік интоксикацияның болуы.


Басымдығы жоғары деңгейдегі (1-топ – қызыл аймақ) шұғыл пациентті тасымалдау туралы ақпаратты алғаннан кейін қабылдау бөлімшесінің мейіргері:

     1) бұл туралы тез арада қабылдау бөлімшесінің жауапты (кезекші) дәрігеріне, қарқынды терапия палатасының реаниматологына хабарлайды;

      2) жедел жәрдем дәрігері кардиогенді шок, өкпе-жүрек функцияларының жеткіліксіздігі құбылыстары туралы ақпарат берген жағдайда, қабылдау бөлімшесінің мейіргері бұл туралы кардиологқа (штатта болмаса – терапевтке), науқас есінен танған, неврологиялық статусы өзгерген жағдайда – неврологқа (штатта болмаса – терапевтке), алкогольдік немесе есірткі заттарын тұтынудан масаю белгілері болған жағдайда – токсикологқа (штатта болмаса – наркологқа, психиатрға, анестезиологқа), күйігі бар пациентті тасымалдауда – комбустиологқа (штатта болмаса – травматологқа, хирургке) хабарлайды. Жоғарыда көрсетілген мамандар тез арада қабылдау бөлімшесіне келеді.


   3) 
Шұғыл мамандар хабарлама алған сәттен бастап 30 минут ішінде келеді;
  4)
Қабылдау бөлімшесінің кезекші дәрігері және/немесе кезекші мейіргері шұғыл пациенттің келіп түсуі туралы ақпаратты алғаннан кейін 5 минут ішінде бірыңғай ішкі телефон арқылы зертханалық қызметті, сәулелік диагностика, эндоскопиялық және функционалдық зерттеулер бөлімшелерін хабардар етеді. Аталған бөлімшелердің мамандары қоңырау шалған сәттен бастап 5 минут ішінде қабылдау бөлімшесінде келуі керек.;
  5)
Бригаданы құру, мамандарды уақтылы хабардар ету және науқасты қабылдауды ұйымдастыру жауапкершілігі жауапты (кезекші) дәрігерге жүктеледі.

.
Шұғыл операциялық араласуларды талап ететін пациенттер:

      1) стационардың қабылдау бөлімшесінде тіркеу және қарап-тексеру процесіне қатыспай, қысқа мерзімде операциялық блокқа жеткізіледі;

      2) операциялық араласу жүргізілгеннен кейін науқас реанимация және\немесе қарқынды терапия бөлімшесіне ауыстырылады. Пациенттің операциядан кейінгі жағдайы тұрақты болса, ауруына сәйкес келетін бөлімшеге ауыстырылады;

      3) пациентті қарап-тексерген және қабылдаған мамандар, пациентте бейін бойынша патологияның бар-жоғына қарамастан, оның қарап-тексерілген және түскен уақытын көрсетіп, стационарлық науқастың медициналық картасына жазбаны ресімдейді.

Басымдығы бірінші деңгейдегі (2-топ – сары аймақ) пациенттер стационардың қабылдау бөлімшесіне түскен кезде:

      1) келіп түскеннен кейін 10-15 минут ішінде қабылдау бөлімшесінің жауапты (кезекші) дәрігерінің және хирург дәрігерлердің, сондай-ақ көрсетілімдері бойынша "травматология ортопедия", "урология және андрология", "акушерлік-гинекология", "терапия", "педиатрия", "жалпы практика дәрігері (отбасылық медицина)", "кардиология", "неврология", "токсикология", "ангиохирургия" мамандықтары бойынша мамандардың қарап-тексеруінен өтеді;

      2) пациентті қарап-тексергеннен кейін мамандар көрсетілімдер бойынша емдеу-диагностикалық іс-шараларының тізбесі мен бейінді мамандардың консультацияларының реттілігін құрады;

      3) қабылдау бөлімшесінің мейіргердің алып жүруімен, пациентті қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палатасына емдеуге жатқызылады;

      4) пациент қабылдау бөлімшесіне келіп түскен сәттен бастап 30-60 минут ішінде қадағалап-қараудың одан арғы тактикасын және стационарда емдеуді шешу үшін зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізіледі;

      5) егер диагноз қою үшін динамикалық байқау талап етілетін жағдайлар болса, пациент стационардың қабылдау бөлімшесінің диагностикалық палатасында бір тәуліктен аспайтын мерзімде болады. Осы кезеңде шұғыл емдеу-диагностикалық іс-шараларының толық көлемі жүргізіледі.

 

Басымдығы екінші деңгейдегі (3-топ – жасыл аймақ) пациенттер қабылдау бөлімшесіне түскен кезде:

      1) келіп түскеннен кейін жауапты (кезекші) дәрігер тексеріп-қарайды, жауапты (кезекші) дәрігердің нұсқауы бойынша диагнозды нақтылау кезінде мейіргер қажетті бейінді мамандарды шақырады;

      2) мамандар пациентті қарап-тексергеннен кейін емдеуге жатқызуға дейінгі кезеңде қажетті шұғыл емдеу-диагностикалық іс-шараларының тізбесі мен реттілігін дайындайды;

      3) мейіргер бірге алып жүрумен, пациентті диагностикалық палатаға емдеуге жатқызады.


 4)
емдік-диагностикалық шаралар науқас диагностикалық палатаға түскен сәттен бастап 30-60 минут ішінде жүргізіледі.
 5) Науқасты қарау нәтижелері бойынша пациентті ауруханаға емделуге жатқызу немесе амбулаторлық немесе стационарлық міндет атқаратын жағдайда емдеу бойынша шешім қабылданады. Медбикемен АМСК немесе тіркелу орны бойынша медициналық ұйымға актив жолданады;
 6) Қажетті емдеу-диагностикалық шараларды өтпеген пациенттің өздігінен қабылдау бөлімінен кеткен жағдайында, телефон байланысы немесе интернет-ресурсы арқылы жауапты (кезекші) дәрігермен пациенттің тіркелу орны бойынша медициналық ұйым немесе АМСК ұйымы басшысының орынбасарына хабарланады.
 

Шұғыл емдеуге жатқызылған кезде, денсаулық сақтау ұйымы қабылдау бөлімшесінің мамандары пациентті порталға тіркеуді жүзеге асырады.

Порталда денсаулық сақтау ұйымының қабылдау бөлімшесіне жүгінген пациенттер туралы деректерді тіркеу пациенттерді емдеуге жатқызуға және емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу үшін электрондық форматта жүзеге асырылады.
 

Стационардың қабылдау бөлмесіне жүгінген пациенттер туралы деректерді Порталда тіркеу Науқастарды қабылдау мен емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналында жүзеге асырылады.

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms