Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі

Поиск по сайту

281312473 1901510793513428 4977288904894165644 nЖыл сайын 15 мамырда бүкіл әлемде отбасы күні тойланады. #17 Қалалық емхананың үлгі тұтар жас отбасы, ұжымымыздың мақтанышы Данияр және жұбайы Әлия Мұхамметалиевтар. Біздің әріптесіміз Данияр емханада 2016 жылдан бері еңбек етіп келеді. Данияр емханада емделушілерге дер кезінде көмек қолын созып, COVID-19 күресуде алдыңғы шепте еңбек етіп жүр. Жас отбасы, қыздары Даналя мен ұлдары Ханды тәрбиелеп отырған мерейлі отбасы. Ерен еңбегіне жетістік пен жеңістік тілеп, Мухаметалиевтер отбасын айтулы мерекесімен құттықтаймыз. Әрқашан жетістіктері көп болсын деп тілейміз!
280184227 1898483877149453 1281752077243138415 n12 мамыр – Халықаралық медбикелер күні. Медицина саласының ауыры мен қиындығын дәрігерлермен қатар атқарып жүрген нағыз ақ халатты абзал жандардың мерекесі. Осы мереке қарсаңында №17 Қалалық емхананың орта буыны медицина қызеткерлері арасында кәсіби біліктілік деңгейін анықтау мақсатында конкурс өткізілді. Кәсіби мереке құрметіне жарияланған «Емхананың Үздік медбикесі-2022» конкурсына:
Әйелдер кеңесінің медбикесі - Зухра Бакиевна Машурова
1-ші жалпытәжірибелік бөлімше медбикесі - Ақерке Болатханова
3-ші жалпытәжірибелік бөлімше медбикесі - Таңшолпан Аппазова
Арнайы медициналық көмек бөлімшесінің медбикесі - Айым Нурахаева қатысты. Конкурс әділқазылар бағалауымен әділ бағасы беріліп, өз өнері мен ұшқыр ойын танытқан жеңімпаздарды анықтауға мүмкіндік берді. Конкурстың Үздік медбикесі Гран-при жүлдесін 1-ші жалпытәжірибелік бөлімше медбикесі - Ақерке Болатханова жеңіп алды. Басқа« Үздік өнерлі маман», «Үздік дарынды маман», «Үздік көрікті маман» номинациялары бойынша жеңімпаздарымыз емхана басшысының дипломымен марапатталып, сыйлықтарды иеленді.

$(document).bind('keydown', 'F12', function(){ /* Код, который исполняется при нажатии горячих клавиш F12 */ }); Например, активация ссылки горячими клавишами F12 при помощи JavaScript:

Переход по ссылкам с помощью горячих клавиш - "ГП17"

Мобильная версия "ГП17"

Authentic SneakersAir Jordan
Nike air jordan SneakersAir Max

Құрметті емделушілер!

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдесіндегі № 360-VI «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің негізінде №11 Қалалық емханада Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі (ПҚжІБҚ) қызметі құрылған.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің міндеті ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) және МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі шеңберінде азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ пациенттерге медициналық көмек көрсету, пациенттердің мәселелерін «осында және қазір» принципі бойынша қолдау көрсету болып табылады.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН БАСҚАРУ БОЙЫНША ҰЙЫМЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН КЕЛЕСІ БАҒЫТТАРДА ҮЙЛЕСТІРЕДІ:

Қызмет адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, әділеттілік, гуманизм, азаматтар құқықтарының теңдігі қағидаттары негізінде жұмыс істейді.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі келесі бағыттар бойынша медициналық көмектің сапасын басқару бойынша ұйымның қызметін ұйымдастырады;

1) сауалнама жүргізу арқылы пациенттердің медициналық қызмет көрсету деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, пациенттердің мәселелерін (шағымдарын) туындаған кезде сол жерде және 5 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде шешу;

2) адами және материалдық-техникалық ресурстардың жай-күйі мен пайдалану тиімділігін бағалау;

3) пациенттерге медициналық көмек көрсету технологияларының денсаулық сақтау саласындағы белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау (клиникалық аудит) және комиссиялық бағалауға жататын жағдайларды іріктеу;

4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету қағидаларын сақтау;

5) жұмыстағы ақаулардың алдын алуға және жоюға бағытталған және медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға көмектесетін бағдарламалық шараларды әзірлеу.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:

  • Егер көрсетілген медициналық қызмет сапасына көңіліңіз толмаса;
  • Медициналық қызметкердің өрескелдік таныту оқиғасы орын алған болса;
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет түрлері үшін ақшалай қаражат бопсалау деректеріне куә болсаңыз;
  • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бұзған жағдайда (Қабылдауға жазылу, Дәрігерді үйге шақыру, Медициналық ұйымға тіркеу, Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мен анықтамасын беру, Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту, Науқастарды стационарға жатқызуға жолдама беру стационарда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру, Медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру, Трансплантациялау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) өмір бойына ерікті түрде беруге келісімді немесе бас тартуды ресімдеу келісімін беру, Санаториялық-курорттық емделу қажеттілігі туралы қорытынды беру), сондай-ақ Егер сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына қатысты басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз.

ПАЦИЕНТТЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТӨМЕНДЕГІ ТЕЛЕФОНДАР АРҚЫЛЫ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ:

  • Сall-орталық – 391-02 -91
  • Сall-орталықтың WhatsApp номері 8-700-391-02-91
  • ПҚжәнеІБҚ — 8 (727) 337-83-71, сот. 8-708-101-24-02
  • ПҚжәнеІБҚ WhatsApp номері — 8 708 506 - 17-17

Біз сізге көмектесуге әрқашан қуаныштымыз!

WhatsApp Image 2024-03-11 at 10.25.10

WhatsApp Image 2024-03-11 at 13.54.27

 

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms