Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі

Поиск по сайту

 

КОДЕКСТЕР

  1. 1.Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ Кодексі «ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000360
  2. 2.Кодекс чести медицинских и фармацевтических работников РК http://gp17.kz/docs/%D0%9A%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%BA%D1%81%20%D1%87%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B8%202021.pdf
  3. 3.Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI ҚРЗ Кодексі «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДІК-ПРОЦЕСТІК КОДЕКСІ» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000350
  4. 4.Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК КОДЕКСІ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2300000224

ЗАНДАР

  1. 1.Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405
  2. 2.Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы « Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000039_

 

ЖАРЛЫҚТАР

  1. 1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысы "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000725
    1. 2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1900000421
    2. 3.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2000000672

 

 

БҰЙРЫҚТАР

  1. 1.Приказ УЗ г. Алматы от 24.04.17 г. №141 "О распределении зоны территориального обслуживания по Бостандыкскому району"
  2. 2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010589
  3. 3.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021642
  4. 4.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024094
  5. 5.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021660
  6. 6.Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 286 бұйрығы «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес есту кемістігі бар мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032992
  7. 7.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-136/2020 бұйрығы «Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген емшаралар мен манипуляциялар тізбесін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021470
  8. 8.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығы «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023885
  9. 9.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығы «Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021262
  10. 10.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қазандағы № ҚР ДСМ-149/2020 бұйрығы «Созылмалы аурулары бар адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, байқаудың мерзімділігі мен мерзімдерін, диагностикалық зерттеулердің міндетті минимумы мен еселігі қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021513
  11. 11.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы «Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021820
  12. 12.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығы «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032740
  13. 13.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021559
  14. 14.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығы «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021824
  15. 15.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығы «Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021852
  16. 16.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы «Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021572
  17. 17.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-238/2020 бұйрығы «Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021746
  18. 18.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 785 бұйрығы «Денсаулық сақтау ұйымдарының өзара іс-қимыл ережесін бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005948
  19. 19.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-179/2020 бұйрығы «Дәрілік заттардың ұтымды пайдалануына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021586
  20. 20.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 бұйрығы «Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032160

 

 

Мемлекеттік қызметтің аты

Бұйрық

Берілетін жері

Қызметтің түрі

Қызмет көрсету уақыты

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету кестесі

  1. 1.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту

ҚР ДСМ 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы

ҚР ДСМ 24.08.2021 № ҚР ДСМ-90 бұйрығы

www.egov.kz

Электронды

жазбаша (зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.) (РПН)

30 мин-тан артық емес

 

1 жұмыс күн

08.00-20.00

Себі күні 09.00-14.00

  1. 2.

Дәрігердің қабылдауына жазылу

ҚР ДСМ 24.08.2021 № ҚР ДСМ-90 бұйрығы

www.egov.kz

Дамумед моб.қос

Тікелей қаралу

(телефон арқылы немесе тіркеу бөліміне)

(КМИС)

 

10 мин-тан артық емес

 

08.00-20.00

Сенбі күні 09.00-14.00

  1. 3.

Дәрігерді үйге шақыру

ҚР ДСМ 24.08.2021 № ҚР ДСМ-90 бұйрығы

www.egov.kz

Дамумед моб.қос

Тікелей қаралу

(телефон арқылы немесе тіркеу бөліміне)

(КМИС)

 

10 мин-тан артық емес

 

Қаралған күні

08.00-18.00

Сенбі күні 09.00-12.00

  1. 4.

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру

ҚР ДСМ 18.11.2020 № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы

Тікелей қаралу

 

Жазбаша

(КМИС)

 

30 мин-тан артық емес

 

08.00-20.00

Сенбі күні 09.00-14.00

  1. 5.

Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама беру

ҚР ДСМ 18.11.2020 № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы

Тікелей қаралу

 

Жазбаша

(КМИС)

 

30 мин-тан артық емес

 

08.00-20.00

Сенбі күні 09.00-14.00

  1. 6.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру

ҚР ДСМ 24.08.2021 № ҚР ДСМ-90 бұйрығы

www.egov.kz

Тікелей қаралу

 

Жазбаша

(КМИС)

 

30 мин-тан артық емес

 

08.00-18.00

 

  1. 7.

Транспланттау мақсатында ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығынан тірі кезінде бас тарту немесе келісім алуды тіркеу

ҚР ДСМ 21.12.2020 № ҚР ДСМ-308/2020 бұйрығы

 

www.egov.kz

Тікелей қаралу

 

Жазбаша

(РПН)

1 жұмыс күн ішінде

1 жұмыс күн

08.00-20.00

Сенбі күні 09.00-14.00

  1. 8.

Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу (075/у үлгіде)

ҚР ДСМ 15.10.2020 № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы

Тікелей қаралу

 

Жазбаша

(КМИС)

1 жұмыс күн ішінде

ақылы

1 жұмыс күн ішінде

 

  1. 9.

Пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру

ҚР ДСМ 24.03.2022 № ҚР ДСМ-27 бұйрығы

www.egov.kz

Тікелей қаралу

 

Электронды (жартылай автоматтандырылған)/ Жазбаша

(БГ)

30 мин-тан артық емес

 

1 жұмыс күн ішінде

 

  1. 10.

Көлік құралын басқаруға рұқсат алу туралы (073/у үлгіде)

ҚР ДСМ 30.10.2020 № ҚР ДСМ-172/2020 бұйрығы

Тікелей қаралу

 

Жазбаша

(КМИС)

1 жұмыс күн ішінде

ақылы

1 жұмыс күн ішінде

 

  1. 11.

Выдача заключения о нуждаемости в санаторно-курортном лечении

ҚР ДСМ 24.03.2022 № ҚР ДСМ-27 бұйрығы

Тікелей қаралу

 

Жазбаша

(КМИС)

1 жұмыс күн ішінде

1 жұмыс күн

9.00 -18.30

 

  1. 12.

Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды беру

ҚР ДСМ 05.08.2021 №75 бұйрығы

 

Тікелей қаралу

 

Электронды (жартылай автоматтандырылған)/ Жазбаша

(ИСЛО)

 

30 мин-тан артық емес

 

 

 

Денсаулық сақтау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нормативтік-құқықтық базасы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

№ 148-ІІ

23.01.2001ж.

Жүктеу

"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

№ 88-V

15.04.2013ж.

Жүктеу

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. бұйрығы

№39/НҚ

31.01.2020ж.

Жүктеу

«Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  бұйрығы

№ҚР ДСМ-49/2020

18.05.2020ж.

Жүктеу

«Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

№ҚР ДСМ-27/2020

24.03.2022ж.

Жүктеу

«Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

№ҚР ДСМ-303/2020

21.12.2020ж.

Жүктеу

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) емдеуді отандық медициналық ұйымдарда жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын әзірлеуді бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

№ҚР ДСМ-45 26.05.2021ж.

Жүктеу

«Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

№ҚР ДСМ-225/2020

30.11.2020ж.

Жүктеу

«Ағзалардың (ағза бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тін бөлігінің) қайтыс болғаннан кейінгі донорлығына адамның тірі кезінде ерік білдіруін беру және бұл жөнінде жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарының бірін хабардар ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

№ҚР ДСМ-308/2020

21.12.2020ж.

Жүктеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысы

№166

03.04.2020ж.

Жүктеу

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығы

Жүктеу

«Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығы

 Жүктеу

«Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және "Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. бұйрығы

2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы

Жүктеу

«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

2021 жылғы 08 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығы

Жүктеу

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы

2021 жылғы 24 тамыздағы № ҚР ДСМ-90 бұйрығы

Жүктеу

4-бап. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылар

1. Көрсетілетін қызметті алушының:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мен осы көрсетілетін қызметті беруші туралы толық және дұрыс ақпарат алуға;
2) осы мемлекеттік қызметті көрсетудің бекітілген стандартының талаптарына жауап беретін көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға;
3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесіне сотқа дейін және сотқа шағымдануға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметті қағаз (дәстүрлі) және/немесе электрондық нысанда алуға;
5) қызмет көрсетушілерге ұсыныстар енгізе отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарының жобаларын әзірлеу және жетілдіру кезінде оларды жария талқылауға қатысуға құқығы бар.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайларда алады.

5-бап. Қызмет көрсетушілер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілер

3. Қызмет көрсетушілер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді берушілердің:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгінуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға құқығы бар.

4. Қызмет көрсетушілер:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыру қажеттілігін кезең-кезеңмен қарауға;
2) жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті алушылардан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі туралы сауалнама жүргізуді жүзеге асыруға;
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық, дұрыс және қолжетімді ақпарат ұсынуға;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік ұсынуға;
5) көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;
6) көрсетілетін қызметті алушылардың көрсетілетін қызметті берушілерге шағымдарын қарауға және оларды шағымдарды қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабардар етуге;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауға;
8) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының жобаларын, сондай-ақ оларды өзгерту, толықтыру және жою жобаларын әзірлеу процесіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге;
10) осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету
стандарттарының жобаларын әзірлеу кезінде жария талқылау жүргізуге;
11) мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының жобаларын интернет-ресурстарда, қызмет көрсетушілердің баспа басылымдарында, «электрондық үкіметтің» веб-порталында жариялауға;
12) мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бағалау жүргізу үшін ақпарат беруге міндетті.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушілер:
1) мемлекеттік қызметтер көрсетуді мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетуге;
2) мүмкіндіктері шектеулі адамдар мемлекеттік қызметтер көрсетуді алған кезде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға;
4) өзге көрсетілетін қызмет берушілерге мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты беруге, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілерден, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау есебінен осындай құжаттар мен ақпаратты алуға;
5) халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына мемлекеттік қызметтер көрсету стандартында белгіленген мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімі өткенге дейін кемінде бір тәулік бұрын халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесін жіберуге;
6) көрсетілетін қызметті алушының сұратуы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мәртебесі туралы хабардар етуге;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарауға және оларды шағымдарды қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы осы Заңда белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдауға;
9) мемлекеттік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

Running SneakersNike

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 88-V Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексеру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты;
      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 № 1046 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                           Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 8 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 8 мамыр

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына      
1-қосымша       

«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      портал арқылы өтініш берген кезде:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
      Электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
      Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);
      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның
лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.
      Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
       11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына     
2-қосымша       

«Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      портал арқылы өтініш берген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы жүгінген күні көрсетіледі.
      Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
      Электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
      Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);
      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.
      Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына      
3-қосымша        

«Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық
ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефоны бойынша өтініш берген кезде);
      2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап 10 (он) минуттан аспайды;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 10 (он) минуттан аспайды.
      портал арқылы өтініш берген кезде:
      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
      Электрондық форматта мемлекеттік көрсетілетін қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін).
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап беру;
      2) порталға электронды форматта жүгінген кезде – жеке кабинетінде электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама.
      Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін);
      2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      тікелей жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 8-800-080-7777, 1414 телефоны арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға болады.
      Электрондық өтініш портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеуі барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
       11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Алғашқы медициналық-санитариялық 
көмек көрсететін медициналық   
ұйымдарға тіркелу» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына  
1-қосымша            

Бекіту туралы хабарлама (талон) (электрондық нысан)

      «Құрметті _______________________________________ Cіз «______» медициналық ұйымына бекітілдіңіз.

      Көрсетілген қызметті беруші басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасы».

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму Министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына       
4-қосымша        

«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті
құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖИТС-тың профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәтінен бастап - зерттеп-қараудың теріс нәтижесінде – 3 (үш) жұмыс күні; зерттеп-қараудың оң нәтижесінде - 20 (жиырма) жұмыс күні;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 60 (алпыс) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша тегін негізде Қазақстан Республикасы азаматтарды және оралмандарды ерікті түрде анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11145 болып тіркелген) сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына антиденелерді зерттеу туралы анықтама-сертификат.
      Анықтама оны берген сәтінен бастап 3 (үш) ай бойы жарамды.
      Зерттеп-қарау нәтижесі теріс болған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілген қызметті алушының қолына беріледі.
      7. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін көрсетіледі, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ақылы көрсетіледі.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және мемлекеттік қызметтердің осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармақшасындағы көрсетілген қызметті берушінің интернет-ресурсына орналастырылады.
      Ақы төлеу көрсетілген қызметті берушінің кассасына қолма-қол есеп айырысумен жүргізіледі.
      8. Көрсетілген қызметті берушінің жұмыс кестесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармақшасындакөрсетілген.
      Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды:
      АИТВ-инфекциясының болуына міндетті медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде - жеке басын куәландыратын құжаты
      АИТВ-инфекциясының болуына анонимді медициналық зерттеп-қарау қызметін алу кезінде құжаттар талап етілмейді, тұтынушыға жеке код беріледі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері
бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе Министрлікке беріледі:
      010000, Астана қ., Орынбор к-сі, 8, Министрлер үйі, кіреберіс № 5
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңесінде шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің өзге де талаптары

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары және жұмыс кестелері Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде немесе қызмет көрсетушінің үй-жайларында орналасқан.
      13. Көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы қашықтықтағы қолжетімділік режімінде бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ақпараттарды алуға мүмкіндігі бар.
      Порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mz.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-777, (1414).

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына       
5-қосымша         

«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 60 (алпыс) минуттан аспайды;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – фтизиатр дәрігер қол қойған, жеке дәрігерлік мөрмен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.
      Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.
      Анықтаманың жарамдылық мерзімі – күнтізбелік 10 күн.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету құнын көрсетілетін қызметті беруші айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсына немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылады. Ақы төлеу көрсетілген қызметті берушінің кассасына қолма-қол есеп айырысу арқылы жүргізіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 18.00-ге дейін.
      Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға соңғы сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 30 (отыз) минут бұрын қабылданады (жұмыс күндері 17.30-ға дейін).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжат (он алты жасқа толмаған адамдар үшін – туу туралы куәлік);
      2) соңғы 12 айдың ішінде орындалған рентгенологтың қорытындысымен қоса, ал медициналық ұйымдарға, балалар мектепке дейінгі және мектеп ұйымдарына жұмысқа орналасатын адамдар үшін – 1 айдан кешіктірмей рентген немесе флюорографиялық түсірімдер.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанында немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
       11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде немесе қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған.
      13. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ала алады.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Туберкулезге қарсы ұйымнан   
анықтама беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша           

Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама

      Азамат (ша)__________________________________________ берілді.
       (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. және туған күні)
      Ол «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінің» деректері бойынша диспансерлік есепте тұрмайды (немесе тұрады, бұл жағдайда есепке қойылған күні мен диагнозы көрсетіледі).

      Фтизиатр дәрігердің Т.А.Ә., қолы ______________________________

      Жоғары жағында анықтаманы берген көрсетілген қызметті берушінің мөртаңбасы қойылады.

«Туберкулезге қарсы ұйымнан   
анықтама беру» мемлекеттік  
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша          

Нысан

«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналы 20___жыл


Р/с
Өтініш берген күні Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты Жынысы Туған жылы Үйінің мекенжайы Жұмыс орны Анықтаманың № Анықтаманы берген дәрігердің тегі
1 2 3 4 5 6 7 8 9

Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына      
6-қосымша        

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағат;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің етілген ең ұзақ рұқсат етілген уақыты - 2 (екі) сағаттан аспайды;
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      ХҚО-да – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
      денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.
      Психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті алушы айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылады.
      Ақы төлеу көрсетілетін қызмет берушінің шотына қолма-қол немесе ақшасыз аудару нысанында жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, түскі үзіліссіз;
      2) Көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
      Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша және кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға:
      - жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат;
      - заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);
      - қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (әрекет етуге қабілетсіздік деп сотпен танылған тұлға үшін).
      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе министрліктің қызмет беру кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымның қабылданғанын растау шағым қабылдаған тұлғаның тегі, аты және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны және Министрліктің қызмет беру кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс номері және күні) болып табылады. Шағымдар тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шара қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, министрліктің мекенжайына келіп түскен қызметті алушының шағымдары тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Шағымдарды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почталық байланыс арқылы жіберіледі не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. 
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
       11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде немесе қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының алыс жердегі рұқсаты режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары министрліктің www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-77-77, (1414).

«Психоневрологиялық ұйымнан   
анықтама беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша         

Нысан

АНЫҚТАМА СПРАВКА

Берілген күні/
дата выдачи 20 ж./г. «...»

1. Т.А.Ә./Ф.И.О. (болған кезде)______________________________________
                               (тұлғаны куәландыратын құжатқа сәйкес)
_____________________________________________________________________

1-1. ЖСН/ИИН ________________________________________________________
2. Туған күні/дата рождения: __ күні/число __ айы/месяц жылы/год ____
3. Мекенжайы/адрес (тұрғылықты тұратын жері место постоянного жительства):
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

4. Диспансерлік есепте тұрады/тұрмайды. На диспансерном учете:
состоит/не состоит (керегінің астын сызу/ нужное подчеркнуть).

Мөрдің орны    Анықтама берген дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты
(болған кезде)   Қолы/    Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
врача, выдавшего справку.        Подпись ____________________________

Место
печати

      Күні 20 __ жылғы «___» __________________
      Дата «___» ______________________ 20 ____

Берілген күні:___________

«Психоневрологиялық ұйымнан   
анықтама беру» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша          

Нысан

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналы 20 __ жыл

Р/с Өтініш берген күні Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты Жынысы Туған жылы Үйінің мекенжайы Жұмыс орны Анықтаманың № Анықтаманы берген дәрігердің тегі
1 2 3 4 5 6 7 8 9

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына      
7-қосымша        

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – ХҚО);
      2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды көрсетілетін қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) сағат;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан аспайды;
      3) көрсетілетін қызметтің алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 2 (екі) сағаттан аспайды.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны – қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:
      ХҚО-да – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру;
      денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру.
      Нарколог-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі.
      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны – қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті алушы айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылады.
      Ақы төлеу көрсетілетін қызмет берушінің шотына қолма-қол немесе ақшасыз аудару нысанында жүргізіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, түскі үзіліссіз;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
      Құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша және кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге және ХҚО-ға:
      - Жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат;
      - заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшін);
      - қамқоршының жеке басын куәландыратын және қамқоршылықты растайтын құжат (әрекет етуге қабілетсіздік деп сотпен танылған тұлға үшін).
      Көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда не көрсететін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсететін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркегеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шара қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
       11. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz, интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде немесе көрсетілетін қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Наркологиялық ұйымнан анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 1-қосымша 

Нысан

АНЫҚТАМА
СПРАВКА
      Берілген күні/дата выдачи ________________________

      1. Т.А.Ә./Ф.И.О.(болған кезде)_________________________________
                        (жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес)
      _______________________________________________________________

      1-1. ЖСН/ИИН __ __ __ __ __ __ __ __ __ __
      2. Туған күні/дата рождения:__күні/число__айы/месяц __жылы/год.
      3. Мекенжайы/адрес (место постоянного жительства):
      _______________________________________________________________
      _______________________________________________________________

      4. Диспансерлік есепте: тұрады/тұрмайды//На диспансерном учете:
      состоит/не состоит (қажеттісінің астын сызу).

      Мөрдің орны   Анықтама берген дәрігердің тегі, аты, әкесінің
      аты (болған кезде)/____ Қолы/ ________ 
      Место печати    Фамилия, имя, отчество (при его наличии) врача,
      выдавшего справку. Подпись____________________

      Күні 20___ жылғы «__» _______________________
      Дата «__» ___________________________ 20___г.

      Берілген күні_____________________________

«Наркологиялық ұйымнан анықтама
беру» мемлекеттік көрсетілетін 
қызмет стандартына 2-қосымша

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналы 20 __ жыл

Р/с
Өтініш берген күні Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) Жынысы Туған күні Үйінің мекенжайы Жұмыс орны Анықтама № Анықтаманы берген дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
1 2 3 4 5 6 7 8 9

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі 
№ 272 бұйрығына     
8-қосымша       

«Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме
беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
      2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - шығарған сәттен бастап 30 (отыз) минуттан аспайды;
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - қағаз.
      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) нысан бойынша қағаз түрінде, ординатор дәрігер қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және қызметті берушінің мөрімен расталған медициналық картадан жазылып берілетін үзінді.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз 8.00-ден бастап 17.00-ге дейін.
      Қызметті алушыны қабылдау кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар - жеке басын куәландыратын құжат.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

      Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына      
9-қосымша        

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық
ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты

1. Жалпы ережелер

       1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      көрсетілетін қызметті берушіге тікелей өтініш берген кезде:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін).
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері (бұдан әрі – ЖПД) қол қойған, жеке дәрігердің мөрімен және көрсетілген қызметті берушінің мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша және «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 035-2/е және № 079/е нысандары бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс сенбі және жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұма аралығында дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін;
      Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
      9. Көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар (не сенімхат бойынша оның өкілі) - жеке басын куәландыратын құжат.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
       11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Медициналық-санитариялық 
алғашқы көмек көрсететін 
медициналық ұйымнан   
анықтама беру стандартына
қосымша        

Нысан 

АНЫҚТАМА
СПРАВКА

Берілген күні/дата выдачи 20 жылы/год «......».................

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда жағдайда)./Фамилия Имя,
Отечество (бар болған жағдайда)
_____________________________________________________________________
           (жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес)
      (в соответствии с документами, удостоверяющими личность)
_____________________________________________________________________

1-1. ЖСН/ИИН __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __
2. Туған күні/дата рождения:___күні/число____айы/месяц ____ жылы/год.
3. Мекенжайы/адрес (тұрғылықты мекенжайы/место постоянного жительства):
_____________________________________________________________________
_______________________________________________________________

4. Диспансерлік есепте тұр/тұрған жоқ (қажеттісін сызу)/
На диспансерном учете: состоит/не состоит (нужное подчеркнуть).

Мөрдің орны                  Анықтама берген дәрігердің Т.А.Ә./
__________________________   Қолы/ ___________

Место печати                 Ф.И.О. врача, выдавшего справку

Подпись

                       Күні 20 ___ жылғы «____» _____________________

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі 
№ 272 бұйрығына     
10-қосымша      

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық
ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі::
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында үзіліссіз 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін.
      Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу мен жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.
       9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар – жеке басын куәландыратын құжат.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
       11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі  
№ 272 бұйрығына     
11-қосымша     

«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық
ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 30 (отыз) минуттан аспайды;
      2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – «Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген) сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында үзіліссіз 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар – жеке басын куәландыратын құжат.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5 кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағым почта арқылы жазбаша нысанда немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін
қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге
де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және  
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі 
№ 272 бұйрығына    
12-қосымша     

«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім
беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты

      Ескерту. Бұйрық 12-қосымшамен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 28.12.2015 № 1046(алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 
      3. Мемлекеттік қызметті медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 
      Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 
      1) қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 3 (үш) жұмыс күні; 
      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды; 
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан аспайды. 
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде. 
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеу туралы анықтама не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беруді тіркеуден бас тарту туралы анықтама; 
      2) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді қайтарып алуды тіркеу туралы анықтама. 
      7. Жеке тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. 
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін үзіліссіз сенбі күні – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін. 
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар: 
      қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжат;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес өтініш.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін
қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға не 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, № 5-кіреберіс мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі. 
      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің, немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметі көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы заңнамамен белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері
ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында мүмкіндігі шектелген көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар мен лифтер) көзделген. 
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде, сондай -ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурсында орналастырылған. 
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары арқылы алуға құқығы бар. 
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары Министрліктің www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

«Транспланттау мақсатында        
азаматтан қайтыс болғаннан кейін    
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын 
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл  
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына          
1-қосымша              

Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін)
алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл
білдіруіне келісім беру туралы
анықтама

      Құрметті ______________________________________________________

Сіздің транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді
(тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) көзі
тірісінде еркін көңіл білдіру келісіміңіз тіркелді.

      Тіркелген күні: 20____жылғы «___» ____________

      МСАК ұйымы басшысының
      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________
      қолы____________

      МСАК ұйымының мөрі

«Транспланттау мақсатында        
азаматтан қайтыс болғаннан кейін    
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын 
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл  
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына          
2-қосымша              

Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіру
келісіміңізді тіркеуден бас тарту туралы
анықтама

      Құрметті ______________________________________________________

      Сізге транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді
тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіру келісіміңізді
тіркеуден бас тартылды.

      Бас тарту себебі ______________________________________________
      (қарсы көрсетілімдерінің болуы (АИТВ/ЖИТС, В және С
гепатиттері, психикалық және мінез-құлықтық бұзылулар, алкогольдік
және (немесе) есірткілік тәуелділік).

      Тіркелген күні: 20____жылғы «___» ____________

      МСАК ұйымы басшысының
      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________
      қолы____________

      МСАК ұйымының мөрі

«Транспланттау мақсатында        
азаматтан қайтыс болғаннан кейін    
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын 
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл  
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына          
3-қосымша              

Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім
беруді қайтарып алуды тіркеу туралы
анықтама

      Құрметті ______________________________________________________
      Сізге транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді
(тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісімді
қайтарып алу тіркелді.

      Тіркелген күні: 20____жылғы «___» ____________

      МСАК ұйымы басшысының
      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________
қолы ____________

      МСАК ұйымының мөрі

«Транспланттау мақсатында        
азаматтан қайтыс болғаннан кейін    
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын 
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл  
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына          
4-қосымша              

Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім
беру қайтарып алуды тіркеу үшін
өтініш

      Мен, __________________________________________________________
            (адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
      Туған күні 19___жылғы ___________ «____»
      ЖСН ___________________________________________________________
      (жеке басын куәландыратын құжат: №, кім және қашан берген)

      Мен транспланттау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді
(тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне бұрын
берілген келісімімді қайтарып аламын.

      Менің жеке деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және
сақтауға келісім беремін.

      ___________________________________________________ /_________/
      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)           қолы

      20__ жылғы «___» _____________
            қол қойылған күн

«Транспланттау мақсатында        
азаматтан қайтыс болғаннан кейін    
оның тіндерін және (немесе) ағзаларын 
(ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл  
білдіруіне келісім беру немесе қайтарып
алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына          
5-қосымша              

Нысан

Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу
мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне
келісім беруді тіркеу үшін
өтініш

      Мен, __________________________________________________________
            тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
      Туған күні 19___ жылғы       __________________       «_______»
ЖСН__________________________________________________________________
      (жеке басын куәландыратын құжат: №, кім және қашан берген)

      Өзіңізге ыңғайлы нұсқалардың бірін таңдаңыз:
1. Мен транспланттау үшін менің қайтыс болғаным туралы факті
белгіленген жағдайда менің кез келген ішкі ағзаларым мен тіндерімді
алуға болатынын растаймын.
2. Мыналардан басқа барлық ағзаларды алуға болады
_____________________________________________________________________
3. Тек қана _________________________________________ алуға болады

      Менің жеке деректерімді енгізуге, жинауға, өңдеуге және
сақтауға келісім беремін.
      __________________________________________ /_________/
      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
      20 __ жылғы «___» _____________
            қол қойылған күн

Adidas shoesWomen Air Jordan 1 Mid "Crimson Tint" 852542-801 Pink White Online, Price: $88.58 - Air Jordan Shoes

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms