Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Емхана хабарландыруы

Поиск по сайту

«Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) 2022 жылғы 31 мамырына ҚР, 050012, Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі 555, Басқарма ғимараты мекенжайы бойынша Басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарында байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурстың өткізілуін хабарлайды, телефоны: 274-45-86, келесі ұйымдарда:

№ р/с

Медициналық ұйымдар атауы

Заңды мекенжайы/ Орналасқан жері

  1. 1.

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «№ 17 Қалалық емхана» КМК

050060, Алматы қ., Бостандық ауданы, көш. Бәсенов, 2

Аббревиатураны және қысқартуларды пайдалану:

ШЖҚ КМК – шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;

Алматы қ. ДСБ – Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы;

Ұйымдардың негізгі қызметі – медициналық қызмет.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңестеріне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің болуын қамтиды:

  1. 1)денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) басшы лауазымдағы құқық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік етуін қамтиды.

Байқаушы кеңестің мүшесі ретінде:

1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұған дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқаушы кеңестің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық сипаттағы қатынастағы тұлға сайланбайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі конкурс өткізу бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы еркін нысандағы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35 бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылықтың және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау күні конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап мына мекенжай бойынша анықталады: ҚР Алматы қаласы Бостандық ауданы, көш. Бәсенов 2, тел. 8 (727) 3910291, сот:87017269538, Әкімшілік бөлімі 4 қабат 407 кабинет. - қосымша ақпаратты.

 

 

Мәзір

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms