Бастапқы

Біз туралы

Біз туралы

Бөлімшелер

Директордың блогы

Мемлекеттік қызметтер

НҚА

Пациенттер үшін

Бастапқы

Поиск по сайту

vvd

zkv

lkpkz

ob

МӘМС

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.


flag.jpg 

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

gerb

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

 

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!


Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

 

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

 Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

 

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

 

 

 

Sport mediaNike

Алматы қ. ҚДБ баспасөз қызметі

 
W3Schools.com

СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ

 KМАЖ жинаған ақпаратты бақылау және талдаудың заманауи ақпараттық технология құралы. Медициналық ұйымдардың таңдалған индикаторларындағы өзгерістерді онлайн тәртібімен қадағалауға мүмкіндік береді. Жылжыту технологиясын пайдалану деректерді көрсетілудің ең жоғары деңгейінен (мысалы, аймақтың деңгейі) медициналық қызмет көрсетудің әрбір жағдайына төмендетуге мүмкіндік береді,.  Подробнее..

 
 

Жаңалықтар мен оқиғалар

Бірыңғай денсаулық күндері 2023

1675149470 top-fon-com-p-fon-dlya-prezentatsii-perekidnoi-kalendar-125

2406

Мәзір

Жұмыс тәртібі

Күнделікті - 08:00-20:00
Сенбі - 08:00-16:00
Дәрігерді үйге шақыру
Күнделікті - 08:00-18:00
Сенбі - 08:00-14:00
Жексенбі - демалыс күн

Бізбен байланысыңыз

Мекен жай: A15H0K1 (050060) Алматы қ. Бәсенов көш. 2

Байланыс орталығы: 391-02-91

Email:mail@gp17.kz

Web: http://gp17.kz 

Кеңсе 8(727) 337-83-38

Hashtag: #ГП17

Біз әлеуметтік желідеміз

Room Booking

Thanks for staying with us! Please fill out the form below and our staff will be in contact with your shortly. The see all of our room options please visit the link below.
See All Rooms